Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде 3 күн ішінде 600-ге жуық адам жол қозғалысы ережесін бұзды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Полиция басқармасы 21-23 қараша аралығында қала аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережесін бұзған 563 адам ұсталды, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Мас күйінде көлік жүргізгендер саны – 4, жолдың қарсы бағытына шығып кеткендер – 3, қауіпсіздік белдігін тақпағандар – 58, жаяу жүргіншілерге жол бермегендер – 37, көлік рулінде телефон пайдаланғандар – 56, бұрылу ережелерін бұзғандар – 24, ереже бұзған жаяу жүргіншілер – 132, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткендер саны – 10.
Сондай-ақ, теміржол өткелдерінен өту ережелерін 1 адам, көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, машина жүргізген 1 адам жауапкершілікке тартылды.