Өскемен қаласында жаралы тырна табылды

2 Тамыз 2019, 22:11
4961
Бөлісу:
Өскемен қаласында жаралы тырна табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өздігінен ұша алмаған құсты қала тұрғындары тауып алған. Бұл туралы buqara.kz сайты хабарлайды.

23 ықшамауданының тұрғыны Александр шөп арасында жүрген құстарды байқап қалған. Жақындап келіп қарағанда тырналар болып шыққан. Біреуі аяғынан жараланып, ұша алмай қалған.

«Тырна жарақатына байланысты ұша алмаған. Байқауымызша, пневматикалық қарумен аяғынан атқан, - дейді Александрдың зайыбы Наталья.

Жануарларды қорғаушылар ұйымына хабарласып, құсты сол жағалаудағы зообаққа жеткізген. Қазіргі уақытта тырна ветеринар мамандардың қарауында.

Айта кетейік, тырна – Қазақстанның Қызыл кітабына енген құс.

Өзгелердің жаңалығы