Өскемен қаласында 26 рет сотталған еркек тағы да ұрлық жасады

3 Қыркүйек 2019, 12:59
1180
Бөлісу:
Өскемен қаласында 26 рет сотталған еркек тағы да ұрлық жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының тұрғыны газель жүргізушісінің сөмкесін жымқырып кеткен. Ішінде iPhone 8 Plus телефоны мен банк карталары болған. Бұл туралы buqara.kz сайтында хабарланды.

Оқиға 29 тамыз күні болған. 30 жастағы көлік жүргізушісінің заттары салынған сөмкесін ұрлаған күдікті тез арада қолға түсті. Жәбірленуші шығын көлемін 605 мың теңгеге бағалады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Ол бұған дейін 26 рет сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы