Желіде Нұрлан имам оқырмандарының діни сауатын ашуға дәріс жүргізуде. Соның бірі – көптің қолданысындағы ас беріп, мал сойып, аруақтың ризалығын алу. Нұрлан имам осы жайында ой-пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сіздің барлық жақсы амалыңыз сауап – отанға, елге жасаған жақсылығыңыз. Тек құран оқыса болды сауап деген түсініктен шығыңыз. Шырақ жақсам сауап... Жооқ, шырақ болып сіз өмір сүріңіз, қазақтың шамшырағы болыңыз! Ғылымға, білімге келіңіз, балалырңызды тәлімді-тәрбиелі қылыңыз – аруаққа істеген жақсылығыңыз сол, - деді Нұрлан имам.