Все новости за 29 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
СҚО-да бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған зейнеткер пәтерінен табылды
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында бірнеше күн бойы туыстарының қоңырауына жауап бермеген 66 жастағы әйелге Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) құтқарушылары көмек көрсетті.
-
Найзағай, бұршақ: 16 өңірде дауылды ескерту жариялады
"Қазгидромет" РМК ертең, 30 маусымда Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
-
Танзанияда автобус апатынан 38 адам қаза тапты
Танзанияның Килиманджаро аймағында екі автобустың соқтығысуы салдарынан кемінде 38 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды.
-
Қазақстан мен Ресейдің СІМ басшылары Шолпан-Атада кездесті
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
-
Теннисші Жібек Құламбаева үш айда үшінші титулын жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 306-орын) Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF турнирінде жеке сында жеңімпаз атанды
-
Меланома: көзге көрінбейтін қатер несімен қауіпті?
Меланома – онкология саласындағы ең қауіпті, әрі жылдам таралатын қатерлі ісіктердің бірі. Бұл ауру жайлы естігенде көпшілік үрейге бой алдырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Суперкомпьютерлер дәуірі: Қазақстан не үшін қуатты есептеу жүйесін іске қосты?
Соңғы жылдары жасанды интеллект, үлкен деректер (Big Data), биоинформатика және күрделі инженерлік модельдеулер сияқты салаларда суперкомпьютерлердің рөлі бұрын-соңды болмаған деңгейде артып келеді. Қазақстан да бұл бағытта алғашқы нақты қадамдарын жасап, ұлттық деңгейдегі қуатты есептеу жүйесін іске қосқанын мәлімдеді. Бұл – тек технологиялық емес, стратегиялық маңызы бар шешім, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада әлемнің жетекші нейрохирургтері бас қосты
Астанада Уолтер Э. Денди атындағы нейрохирургтер қауымдастығының X Дүниежүзілік конгресі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Колумбиядағы табиғи апаттан ондаған адам қаза тапты
Колумбияда болған жойқын көшкін салдарынан кемінде 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер: Елімізге қанша қаражат қайтарылды?
Соңғы жылдары Қазақстан билігі шетел асқан заңсыз активтерді елге қайтару мәселесін үнемі көтеріп келеді. Бұл процес «Әділетті Қазақстан» идеясымен сабақтасып, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған қадам ретінде бағаланды. Алайда активтерді қайтару тек қаржылық мәселе емес – бұл құқықтық және өзге де өлшемдері бар күрделі процесс. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі бұл мәселеге шолу жасады.
-
Алматыда Витилиго күні атап өтілді
Алматыда Халықаралық Витилиго күніне орай «Витилиго және тері саулығы» орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қала көркі – қоқыссыз көше: адал еңбек, алып жүрек
Таза қала – тәртіпті елдің көрінісі. Бірақ Елорда көшелерінің мұнтаздай болуы өздігінен болмайды. Таң қараңғысында оянып, қолына күрек пен сыпырғы алған қарапайым жандардың арқасында Астана күнде тап-таза күйде тұрғындарын қарсы алады. Олар – көрінбейтін еңбек майданының қаһармандары.
-
Степногорск қаласының қысқа дайындығы тексерілді
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жұмыс сапарымен Степногорск қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысының оқушысы Айбын тарихында жаңа рекорд орнатты
Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы Маяковский мектебінің 10-сынып оқушысы Ника Бритнер "Айбын-2025" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік көрсеткіш көрсетіп, "Үздік жас сарбаз" атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері Медеуде күй шертті
Ұлттық домбыра күніне орай полиция қызметкерлері Медеу мұз айдынында күй шертті, — деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогінің кезеңіне қатысатын қазақстандықтар кім?
Бокстан елімізде өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Керей-Жәнібек хандары көшесінің учаскесі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандары көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейін жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық режиссер америкалық танымал әншіге клип түсірді
Қазақстандық режиссер, клипмейкер және продюсер Медет Шаяхметов АҚШ-та Gucci Mane лақап атымен танымал әншіге клип түсіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адам құтқарылды
Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сербияда жаппай тәртіпсіздіктен кейін ондаған адам қамауға алынды
Сербия астанасы Белградта он мыңдаған адам қатысқан ауқымды антиүкіметтік шеру өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарулы күштер қатары әскери колледждің 90 түлегімен толығады
Елордадағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде кіші сержанттардың салтанатты оқуды аяқтау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Анна Данилина Истборндағы ірі теннис турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен ірі турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда нөсер жаңбырға байланысты "көк" деңгейдегі ескерту күшейтілді
Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы (ҰМО) сенбі күні елдің бірқатар аймағында толассыз жауған жауын-шашынға байланысты "көк" деңгейдегі дауыл ескертуін ұзартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қытай ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
-
Жетісу облысында екі полицей қаза тапты
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жас математиктер Балқанда үздік атанды
Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жер бетіндегі ең көне тастар табылды
Канаданың Квебек провинциясындағы Нуввуагиттук жасыл тасты белдеуінде орналасқан жыныстардың жасы 4,16 миллиард жылға жететінін ғалымдар дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық балуандар Түркияда топ жарды
Қазақстандық балуандар Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Фестиваль кезінде піл жұртқа тап беріп, дүрбелең тудырды
Үндістанның Ахмедабад қаласында Ратха-ятра атты діни фестиваль кезінде көпшіліктің зәресін алған оқиға орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 20 автобус бағыты уақытша өзгерді
Елордада жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік қозғалысының сызбаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ сенаты Трамптың ауқымды заң жобасын қабылдады
АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың федералдық шығындарды қысқартуға бағытталған "Үлкен, біртұтас, көркем" (The Big Beautiful Bill) деп аталатын ауқымды заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мысырда жантүршігерлік жол апатынан 19 адам қаза тапты
Мысырдың Минуфия провинциясында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 19 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы саябақта "Заң және тәртіп" атты фотокөрме өтті
Астананың орталық саябағындағы "Атырау" көпірінің жанында «Заң және тәртіп» атты ерекше фотокөрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Тазы лигасы - 2025»: Жүйрік тазылар жарысы өтті
Жарысқа 220-дан астам тазы қатысты. Жүлде қоры – 2 200 000 теңге.
-
Иран МАГАТЭ директорының ядролық аумақтарға кіруіне тыйым салды
Тегеран Рафаэль Гросси мен МАГАТЭ инспекторларына өзінің ядролық объектілеріне баруға тыйым салды және бейнебақылау камераларын орнатудан бас тартып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
-
Бүгін 2 қалада ауа сапасы төмендейді
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Израильдің Евровидениеге қатысуына тыйым салынуы мүмкін
Еуропалық хабар тарату одағы келесі аптада Израильдің "Евровидение" байқауына қатысуына тыйым салу туралы ұсынысты талқылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда бейнебақылау камералар саны 3 миллионға көбейеді
Елімізде бейнебақылау камералар саны 3 миллионға артады. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Саясат Нұрбек пен Үндістан елшісі Ақкөлдегі қазақстандық суперкомпьютердің әлеуетін бағалады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тхатипамула Венката Нагендра Прасад Ақкөл қаласындағы "Қазақтелеком" АҚ Деректерді өңдеу орталығында PARAM BILIM-2 суперкомпьютерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
-
Конго мен Руанда араға 30 жыл салып бітімге келді
Қос тарап АҚШ-тың ықпалымен жұма күні Вашингтонда келісімге қол қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Жетісу облысында екі полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркия Қазақстанда 100 млн долларға логистикалық терминалдар желісін салады
Түрік компаниясы Қазақстанда логистикалық инфрақұрылым құрылысына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «S Sistem Lojistik» компаниясының басқарма төрағасы Хүсейин Барлиннің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскеменде күнбағыс өсірудің озық технологиялары талқыланды
Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында күнбағыс өсірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент осы аптада маңызды кездесулер мен халықаралық келіссөздерге қатысты
Президент бір апта ішінде 3 ірі жиын, 8 кездесу өткізді. Бір мәрте аймаққа сапарлап, шетелде өткен 3 халықаралық іс-шараға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх