Все новости за 14 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістан облысында дрон зауыты салынады
Түркістан облысында тікұшақ, дрон және пилотсыз жүк аппаратын шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан талқылауда ауқымды жобаны іске асыру шарттары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Тиімсіз басқаруға байланысты 11 спорт нысаны мемлекет балансына өтті – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорттағы жемқорлық тәуекелдерін жоюда, нәтижесінде іс-шараларға және жалақыға үстемеақыға негізсіз жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды
Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аптап ыстық, жаңбыр: 15 маусымда ел бойынша дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 15 маусымда Астанада, Шымкентте және еліміздің барлық облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда ғимарат опырылып, 60 адам қаза тапты
Иранның Шахид Чамран қаласында Израильдің әуе шабуылы салдарынан тұрғын үй опырылып, 60 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан елшісі Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада екі көше жөндеу жұмыстарына жабылады
Астанада Достық пен Д.Қонаев көшелері бойында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы екінші АЭС қайда салынады?
Қазақстанда салынатын тағы бір атом электр станциясы жобасы бойынша консорциумды Қытайдың CNNC компаниясы басқарады. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
-
Жетісуда алғаш рет халықаралық инженерлік фестиваль өтіп жатыр
Жетісу облысындағы Жыланды ауылы Zhylandy Fest атты алғашқы халықаралық инженерлік фестивальдің алаңына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарин: Ұлттық құрылтай басты институтқа айналды
Бүгін Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институттың бірі – Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Семей орманы" резерватына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізіледі
"Семей орманы" резерватының Бородулиха филиалының Камышен орманшылығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Б. Мусиннің қатысуымен өртті ерте анықтау жүйесінің автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату орындары ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дубайда 67 қабатты зәулім ғимарат өртенді
Дубайдағы әйгілі Dubai Marina ауданында орналасқан Tiger Tower тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарбаздарға құрмет көрсетілді
Елордалық 6636 әскери бөлімінде ерекше салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Петропавлда өрттен 30 адам құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан үйден 30 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Донор жолы: Қан тапсыру – пайдалы да, қайырымды іс
14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні. Кімдер қан доноры болып, өзгенің өмірін құтқара алады? Донор болу үшін не істеу керек? BAQ.KZ тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрген болатын.
-
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы: Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады
Туризм және спорт министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты туристерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мансап орталықтары жұмыс табуға көмектеседі
2025 жылы мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1687 адамды кәсіптік оқытуға жіберді, оның ішінде 89 адам оқуды аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жәндікті жұтып қойған": атақты миллиардерді ара шағып өлтірді
Поло ойыны кезінде әйгілі миллиардер Санджай Капур қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алғаш рет қазақтың халық эпосы "Нарқыз" Уэльс ханзадасының ризашылығына ие болды
XX ғасырдың басында көрнекті ақын Нұрпейіс Байғанин жырлаған және 2024 жылы ағылшын тіліне аударылып жарық көрген ұлттық қазақ эпосы "Narqyz" ("Нарқыз") Англия тақ мұрагері, Уэльс ханзадасы Уильямның жеке алғысын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Катонқарағайда поэзия мен ғылым мерекесі өтті
Шығыс Қазақстанның ең көрікті өңірлерінің бірі – Алтайдың баурайында орналасқан Катонқарағай ауданында жыл сайынғы ұлттық мәдени шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елде ТХКБ-ға шығатын "Орталық – Батыс" көлік дәлізінің құрылысы басталды
Қостанай облысында стратегиялық маңызы зор "Орталық – Батыс" автожол дәлізінің құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
АҚШ-пен ядролық келісім бола ма: Иран СІМ мәлімдеме жасады
Тегеран әлі де АҚШ-пен ядролық келісім бойынша келесі келіссөздер кезеңіне қатысу-қатыспау жөнінде шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ IRNA-ға сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде колоректальды қатерлі ісікпен ауыратындар көбейген
15 маусым — Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереевпен сұхбаттасып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен бірқатар мәселелер жайында сұраған едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бақшасында 920 түп қарасора өсірген ауыл тұрғыны ұсталды
Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында 900-ден аса қарасора бұтасын өсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жас патриоттар лагері ашылды
Астана қаласына жақын орналасқан Мичурино шағын ауданында әскери-патриоттық «Батырлар» орталығы базасында құрылған жазғы «ALASH CAMP» лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Францияда ұлы Абай мұрасы ұлықталды
Париж қаласының XVI округі мэриясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада бірнеше автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгерді
Астанада тоғыз автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті кім салатыны белгілі болды
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Медицина саласының үздік мамандары марапатталды
Астанадағы Денсаулық сақтау министрлігінің 17 номинация бойынша «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шегірткемен күрес: 1,8 млн гектар алқап өңделді
Елімізде үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
-
Министрлік беделді оқу орнының ректорына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанайға қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Трампты құттықтады
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Бүгін елдің төрт қаласында ауа ластанады
"Қазгидромет" РМК бүгін,14 маусымда Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанатынын мәлім етті.
-
Иран Израильді қолдайтын елдердің әскери базаларына шабуыл жасауы мүмкін – CNN
Иран Израильді қолдайтын елдердің аймақтық әскери базалары мен позицияларын нысанаға алуы мүмкін.
-
Ертіс өзенінде су ортасында қалып қойған ерлі-зайыпты құтқарылды
Семей қаласында Ертіс өзенінде апатқа ұшыраған қайықтағы екі адам құтқарылды.
-
БҰҰ Бас хатшысы Израиль мен Иранды қақтығысты тоқтатуға шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Израиль мен Иранды әскери қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды.
-
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК бүгін, 14 маусым күнгі ауа райы болжамын жриялады.
-
Иран Израильге қарсы зымыран шабуылының төртінші толқынын бастады
Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ираннан бағытталған зымыран шабуылдарының төртінші толқыны басталғанын хабарлады.
-
Өскеменде мектеп бухгалтерлері 144 млн теңгені жымқырған: сот үкім шығарды
Өскеменде Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназияның екі бухгалтері 144 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.
-
Иранның зымырандық шабуылынан зардап шеккендер саны 63 адамға жетті
Иранның Израильге бағыттаған зымырандық шабуылы салдарынан зардап шеккендердің саны 63 адамға жетті.
-
Елордада автобус аялдамасын сындырған азамат жауапқа тартылды
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған 42 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-
Ақсуда баланы ұрған балабақша тәрбиешісі қызметінен босатылды
Ақсу қаласындағы №16 балабақшада тәрбиешінің балаға қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды.
-
Шымкентте құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары 7,5 жылға сотталды
Шымкент қаласында құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Күшербеков 83 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны және заңдастырғаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс: зымыран шабуылының үшінші толқыны басталды
Иран Израильге қарсы зымыран шабуылының үшінші толқынын бастағанын хабарлады.
-
Найзағай, аптап ыстық: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК бүгін, 14 маусымда Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Наверх