Все новости за 18 ақпан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Каспий құбыр консорциумындағы апат: Министрлік мәлімдеме жасады
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қайта оралғым келмейді": Үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды
Алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалған актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
19 ақпанда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Алматыда дәрігерлер 102 жастағы кейуанаға ота жасады
Алматыда Ұлттық госпитальдің травматологтары 102 жастағы пациенттің жамбас сүйегін салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жұмысты қайта бастау туралы ойламаңыз": Бозымбаев "Қазақмыс" басшылығымен кездесті
Вице-премьер Қанат Бозымбаев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Түркістан облысында құс фабрикасы салынады
Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна ет шығаратын тігінен интеграцияланған бройлер құс фабрикасы салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ-ға сілтеме жасап.
-
Елімізде 22 ақпаннан бастап екі жол ақылы болады
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес "Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) және "Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Берлинді тәнті етті
Ол әлемдік бренд Armani Beauty командасының шақыруымен Берлинге барған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да балық құтқару шаралары жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кофе ағзадағы кальцийді шайып жібере ме?
Кофенің кейбір пайдалы қасиеттеріне қарамастан, ол ағзаның қышқылды балансын өзгертіп, маңызды микроэлемент – кальцийді шайып жіберуге ықпал етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Осы қалпыңнан тайма". Қайрат Нұртастың анасы келініне батасын берді
Продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келініне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда 44 келі заңсыз ауланған бекіре тәркіледі
Маңғыстау облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Форт-Шевченко – Таушық автожолында Toyota Prado көлігін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Изолятордағы туған күн: Кінәлілер жұмыстан қуылып, бақылау күшейтілді
Уақытша ұстау изоляторындағы жағдай бойынша тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Алматыда мың мопед тіркелді
Алматының әкімшілік полициясы мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері мыңнан астам мопед қолданушысының бұл процедураны орындағанын хабарлады, деп хабарлайды BAQKZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады?
Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.
-
Мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскер ұсталды
2024 жылы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскерді анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда 19 жастағы қыз анасына бауырын беріп, донор болды
Түркістан облысының дәрігерлері аймақта алғаш рет адамның бауырын ауыстырып, 48 жастағы келіншекке операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қандыағаштықтар жағымсыз иістен қашан құтылады?
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғындары көп жылдан бері жағымсыз иістен құтыла алмай отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
158 миллионға бағаланған сырғалар: олигархтардан тәркіленген бұйымдар саудаға қойылды
"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорған ауылдарына ауыз су қашан жетеді?
Талдықорған қаласында ауыз сумен қамту кезең-кезеңімен өз жалғасын табуда. Биыл тағы, 3 жоба қолға алынып, қаланы толықтай сумен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматының сейсмикалық қауіпсіздігі артады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға сапары барысында ҚХР-дың жер сілкіністері жөніндегі агенттігіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ мамандары қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді
Температураның күрт өзгеруіне, жылымыққа және желге байланысты Алматы тауларында қар көшкіні қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жәрдемақылар мен төлемдер тағайындалады
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар мен төлемдер тағайындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% ұлғайды
2025 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% өсіп, 140,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына слтеме жасап.
-
"500 есе алып жарылыс болады". NASA 2032 жылы Жерге астероид құлауы мүмкін екенін ескертті
Әйгілі астрофизик Нил Деграсс Тайсон 2032 жылдың 22 желтоқсанында Жерге аса қуатты астероид соғылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі New York Post сайтына сілтеме жасап.
-
Талдықорғанда 50-ден астам аула абаттандырылады
Облыс орталығының бюджеті көбейгелі бері қала аулаларын абаттандыру жұмыстары артты. Былтыр онға жуық аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанайда алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр
Қостанай облысы Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырып, үш негізгі экономикалық бағыт бойынша дамып келеді: машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Өңірдің басым бағыттарының бірі – автомобиль жасау мен автокомпоненттер өндірісін қамтитын машина жасау саласын дамыту, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Әйгілі журналда Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды
17 ақпанда әлемдегі ең танымал басылымдардың бірі ROLLING STONE қазақстандық музыкант туралы материал жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
-
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың басты себебі неде?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еңбек ері: Жастарға берер кеңесім – адам жұмысты беріліп істеуі керек
Былтыр Республика күні қарсаңында Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі бірдей ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Соның бірі - оралдық Эльмара Асқарқызы Траисова. BAQ.KZ тілшісіне Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұлағатты ұстаздан сұхбат алудың сәті түскен еді.
-
Сенатта Қазақстан мен Ресейдің энергожүйелері туралы заң талқыланды
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды
Кеше Ұлытау облысындағы кеніште тау жынысы опырылып, салдарынан 7 кенші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Каспий құбырындағы апат: Қазақстанның мұнай экспорты 30 пайызға төмендеуі мүмкін
Дрон шабулына ұшыраған Каспий құбыр консорциумының қай жері зақымдалғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі “Транснефть” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Заң және Тәртіп: Қазақстандағы есірткі қылмысына қарсы күресте жаңа қадам
Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Венгрия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Кеше Вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяартомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетауда бопсалаушылар тобы құрықталды
Көкшетауда бопсалаушылар тобы құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен бастады
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасанды интеллектіні дамыту үшін әлем елдері қанша қаржы бөлді?
Бүгінгі таңда АҚШ, Қытай және Еуропа арасында бәсеке қызып тұр.
-
Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталады
Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
-
Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер басталды
Дәл қазір Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей өкілдерінің ұзақ уақыттан кейінгі алғашқы ресми кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада ауыл әкімдері біліктілігін арттырып жатыр
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды
Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық "StemCo" халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, сол сияқты 4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
7 мамырда шеруге қанша теңге бөлінеді
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін шеруге қанша теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды
Қазақстанда 800 мектеп кітапханасының модернизациясы аяқталып, 280 мыңнан астам бала жаңартылған ресурстарға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында кәсіпорыннан 4,5 млн теңге қаражат жымқырылған
Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен ірі көлемдегі қаржылық шығын туралы өтініш түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Көктемгі каникулда оқушылар қанша күн демалады?
Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үйінді астында қалған 7 кеншінің аты-жөні жарияланды
Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадан Павлодарға жолға шығып, жоғалып кеткен отбасы күтпеген жерден табылды
Олар бір күнде – 10 ақпанда жоғалып кеткен.
-
Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі қолданысқа берілді
Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткі қолданудың алдын алу ғылыми дәлелдерге негізделуі тиіс - ғалым
Білім алушылардың есірткіні қолдануының алдын алу бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институты "Есірткіні қолданудың алдын алу жөніндегі халықаралық стандарттар" тақырыбында оқыту өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: Еуропа Украинаға әскер жіберуі мүмкін, АҚШ пен Ресей қандай келіссөздер өткізбек
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
"Зардап шеккендер бар". Тағы бір ұшақ апатқа ұшырады
Торонто әуежайында Delta Air Lines ұшағы аударылып, 15 адам зардап шекті, ддеп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткі зертханасы жойылды
Осы жылғы 6 ақпанда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Терроризмді насихаттаған 4 қазақстандық ұсталды
Кеше ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шамамен 2 млн теңгенің жұмсақ ойыншықтарын ұрлаған әйел сотталды
Jellycat ойыншықтарын шамамен 3000 фунт стерлингке ұрлаған әйел сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News агенттігіне сілтеме жасап.
-
Көктемде күн райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың көктеміндегі наурыз, сәуір, мамыр айларына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен
Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемелерін толық орындау мақсатында блогерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді тұрақты негізде жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Ұлттық банк 18 ақпанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты 106 томдық қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Интернет-алаяқтықпен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ Арменияда ұсталды
Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Арменияның Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасымен бірлесіп, жедел іс-шараларды өткізу кезінде Ереванда алаяқтардың екі call-орталығының әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Жыл басынан 169 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
1 ақпандағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордадан Павлодарға шыққан бір отбасының адамдары жоғалып кетті
Астана қаласынан Павлодарға бағыт алған үш адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
18 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
"Қазақмыс" кеніштегі апаттың алдын ала себебін айтты
Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішіндегі апат бойынша жетінші жұмысшының денес табылды. "Қазақмыс" корпорациясы апаттың алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: жетінші жұмысшының денесі табылды
ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстары барысында "Қазақмыс"корпорациясы ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылғандығын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазақмыс" қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетеді
"Қазақмыс" ұжымдық келісімшартта көзделгендей, Жомарт кенішінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсететінін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына қажетті қолдаудың барлығы көрсетіледі
Ұлытау облысының әкімдігі кеніште қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Астанада 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі 23 ақпанға дейін сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шахтадағы апат: алты жұмысшының денесі табылды
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алты жұмыскерінің денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский Түркияға барды
Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский Анкараға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 18 ақпанда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Шахтадағы апат: үкіметтік комиссия құрылды
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх