Все новости за 27 желтоқсан 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
Бұрқасын, көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
28 желтоқсанда еліміздің 14 өңірінде және Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Семейде әскери қызметшілер 17 гектардан астам орман учаскесін тазартты
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығының өртенген орман учаскелерін тазартуға көмектесу туралы өтінішін аяқсыз қалдырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Астанада кәсіпкерлердің 50 үздік әлеуметтік жобасы анықталды
Астанада өткізілген жәрмеңке барысында кәсіпкерлердің саланы дамытуға қосқан үлесі аталып, үздік 50 әлеуметтік жобаның бастамашылары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Ұлытауда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалды
Ұлытау облысында қар құрсауынан жедел жәрдем көлігі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Алматыда есірткіні жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды
Алматыда есірткіні жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан – Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы аймақтағы 2024 жылға арналған инвестиция туралы есебін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Жамбыл облысында ұрланған мал иесіне қайтарылды
Тұрар Рысқұлов ауданында шекара маңында қараусыз жайылып жүрген 49 бас ірі қара табылып, олар уақытша жергілікті шаруа қожалығының қамағына алынған болатын, деп хабарлайды BAQ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
СҚО-да полицейлер такси жүргізушілерін тексерді
Облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауына бағытталған "Заңсыз келуші – таксист"жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Желтоқсан – тәуелсіздік пен патриотизмның символы
Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қайсар Жүрек» қоғамдық қоры жүзеге асырған «Желтоқсан – Тәуелсіздік тұғырымы» жобасы ұлттық рухты нығайту мен жастар арасында патриотизмді қалыптастыру жолында маңызды қадам болды. Бұл жоба 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының маңызын қайта
-
Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шалғай ауылдарының педагогтерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада "Мұз-2024" республикалық акциясы жалғасуда
Елордалық ТЖД қызметкерлері елорда су айдындарын патрульдеу үшін аэроқайық пен қарда жүретін көліктерді пайдалана отырып, кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр
Павлодар облысында күрделі эпидемологиялық жағдай қалыптасып отыр. Жедел жәрдем қызметіне бір тәулікте екі мыңдай шақырту түскен. Науқастарға суық тию, пневмония, бронхит және бронхопневмания диагноздары қойылуда. Әсіресе вирус балалар арасында кең таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Жолды сапасыз салған мердігер 300 млн шығынға батты
Биыл Шығыс Қазақстан облысында 600 шақырымнан астам жол жөнделгенімен біршама бөлігі сапасыз орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда фермер цифрлық теңге көмегімен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алды
"ҚазАгроҚаржы" АҚ цифрлық теңгені пайдаланып, инвестициялық субсидиялардың бөлінуі мен игерілуін бақылауға бағытталған пилоттық жобаға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сочи мен Қазанда әуежай жұмысы уақытша шектелді
Ресейде Сочи мен Қазан қаласындағы әуежай қызметі уақытша тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әшімбаев Қазақстан бочча федерациясының жас параспортшыларымен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Федерация спортшыларымен және жаттықтырушы құраммен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
#Желмая. Жемқорлыққа жем болмаудың жолы бар ма?
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы қонағы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болған Дидар Смағұлов, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қорғаныс министрі ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы келіссөздер жүргізіп, қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының өнімдерімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда полиция 200-ден астам тұрғынды алдап соққан күдіктіні құрықтады
Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп 232 адамды алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада тұрғынды 20 млн теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды
Алаяқтық бойынша қала тұрғыны полицияға арыз жазып, 49 жастағы Түркия елінің азаматына алданғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
"Эй, қайдасыңдар тәтелер": 2024 жылы тренд болған сөздер
Ұлу жылы елімізде түрлі жаңалықтар мен оқиғалар болды. Түрлі трендтер шығып, хит әндер жарыққа шықты. Тренд болған сөздер мен әлеуметтік желіде көп қаралым жинап ел есінде қалған бейнелерге шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді мемлекеттен әлеуметтік көмек алғысы келетіндер тексеріледі
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін табиғи күн уақытын сақтау қажет – бас онколог
Алматыда ғалымдар мен ЖОО-ның өкілдері, медицина және психология саласындағы мамандар біріңғай уақыт белдеуінің адам өміріне әсерін талқылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды
26 желтоқсанда Қордай аудандық сотымен «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаев, «ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбанов және «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір уақыт белдеуі өңірлерді бір форматта ұстайды – Саясат Нұрбек
Алматыда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен "Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауыл-аймақтардағы тұрғын үй мәселесіне көп көңіл бөлінді
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының арқасында 10 000 қазақстандық жаңа жылды өз пәтерлерінде қарсы алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияcында табысы аз азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары және 2025 жылдан бастап енгізіліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
1 қаңтардан бастап АӘК қалай тағайындалады
2025 жылы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы үздік 6 IT-жоба
Қазақстанның IT индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып, халықаралық деңгейде танылып келеді. Елдің стартап экожүйесі инновациялық идеяларды қолдап, оларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасауда. BAQ.KZ тілшісінің бұл мақаласында Қазақстанның IT саласындағы ең үздік 6 жобасы туралы айтылады.
-
Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер көрсетті
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының орталығы Чэнду қаласында "2025四川省新年音乐会" өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сілтеме жасап.
-
Зерттеу нәтижесі: Уақыт белдеуі ағзаға жағымды әсер етеді
Алматыда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен "Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Бюро мемлекеттік органдардың деректер базасына бақылауды күшейтеді
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы әкімшілік деректердің сапасын бағалау бойынша жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазақстан бойынша 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның әуе компаниясы Ресейге ұшуды тоқтатты
QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жедел жәрдем станциясына 50-ге жуық жаңа көліктер берілді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жедел жәрдем қызметінің маңызы туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтаудағы ұшақ апаты. Зардап шеккендерге өтемақы төленеді
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларына өтемақы төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
Ел экономикасы мен халқын энергетикалық қауіпсіздікпен, сенімді энергия жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды
«Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасы кезінде елордалық сақшылар халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда алғаш рет театрда оңалту орталығы ашылды
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры жанында оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
BAQ.KZ тілшілері жүлделі болды
BAQ.KZ тілшілері Ұлттық ядролық орталықтың журналистер арасында ұйымдастырған байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
11 айда 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған – Бас прокуратура
Бас прокуратура есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғылым және жоғары білім министрі Аbai university-де кездесу өткізді
"Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы барды. Министр Абай университетінде білім алушы жастарымен, оқытушы-профессор құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұшақ апаты. Зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" сериясынан AQ TUŃǴIYQ, "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясынан ERÝLIK және "Жаратылыс сырлары" сериясынан ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шегірткелерге қарсы қорғаныс шараларынан үнемделген қаражатқа дрондар сатып алынды
Биылғы жылы Күн белсенділігінің 11-ші шыңына байланысты шегіртке зиянкестерінің таралуымен қиын жағдай орын алды. Болжамдар шегірткелердің 2,5 миллион гектар аумаққа таралуын көрсетті, бірақ іс жүзінде 3,1 миллион гектар аумақта химиялық өңдеу жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болады
Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық қызу жүріп жатыр. Еліміздің барлық тұрғындары мерекені қарсы алуға дайындалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2050 жылға қарай елде қала халқының үлесі қанша болады?
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжау және зерттеу департаментінің сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштері негізінде демографиялық болжам дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткі бизнесінде қолданылатын химиялық заттарды бақылау үшін Таргетинг-орталығы құрылады
Бас прокурор Берік Асылов есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 27 желтоқсанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Egemen Qazaqstan-ға Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мақаласы шығып, Президенттің жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыстарға тоқталып өткен екен.
-
600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді
2024 жылдың 20 желтоқсанында ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Primeminister.kz сайтының редакциясы елдегі даму қорытындысы туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда. 2024 жыл – білім беру жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Мектепке дейінгі деңгейден бастап техникалық және кәсіптік деңгейге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттар іске асыру сатысында.
-
Ауыл шаруашылығы техникасы паркі 5,5% жаңартылды
Ауыл шаруашылығы саласында жылдық 5%-бен 120 млрд теңге сомасына жеңілдікті лизинг бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Жыл басынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарны басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. га аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
Павлодарда жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Шымкентте қалалық станция, жедел медициналық жәрдем қосалқы станциялары, емханалар мен ауруханалар 22 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылыойда теріарқылы коронарлық араласу орталығы ашылды
Жылыойда теріарқылы коронарлық араласу орталығы ашылды. Орталықта 34 ота жасалынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған
Қылмыстық топ Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында туннель салып, ол арқылы жанар-жағармай экспорттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда сириялық босқындарды еліне қайтарудың жол картасы әзірленді
Түркия 1 қаңтардан бастап Сирияға оралғысы келетіндерге мүмкіндік беру үшін «Басты босқын» бағдарламасын іске қоспақ. Ол бойынша әр отбасыдан бір адамға 6 айда 3 рет елге кіріп-шығуға рұқсат етіледі. Сириядан оралу процесінің қауіпсіз, тұрақты және тәртіппен жүзеге асуы үшін 6 шекара бекетінің екеуі толықтай босқындарға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысының Шақа ауылында жаңа медпункт ашылды
Павлодар облысының Шақа ауылында су жаңа медпункт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы болып Айгүл Кенжебаева тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Омбы –Майқапшағай» жолында көлік қозғалысы шектелді
«Омбы –Майқапшағай» жолы 27 желтоқсан сағат 07:00де ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Наверх