Все новости за 25 қараша 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жетісу облысында жер сілкінді
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 45 минут Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада хакатонда Қарулы күштер үшін ең үздік IT-әзірлемелер анықталды
Финалда қабылданған 40-тан астам өтінімнің ішінде қорғаныс және әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы 20 инновациялық шешім қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Ел Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды
Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Синоптиктер 10 өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер 26 қарашада еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Боливияда тасқыннан 26 адам зардап шекті
Боливия астанасы Ла-Пас қаласын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Ұлыбританияда «Берт» дауылы салдарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр
«Берт» дауылы салдарынан Уэлсьтің Понтипридд қалашығында су тасқыны жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Бразилияда автобус апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты
Бразилияның шығысында автобус таулы жолдан құлауы салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report.az сайтына сілтеме жасап.
-
Елге қайтарылған қаржы есебінен мектеп салынады
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында су жаңа мектеп салынатын болды.
-
Алматы облысында браконьер ұсталды
24 қараша мен 25 қарашаға қараған түні «Охотзоопром» РМКК инспекторлары Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши ауылының маңында жоспарлы рейд барысында жергілікті тұрғынды атпен жүріп бара жатқан жерінен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Астанамыз бой көтеріп талай тарихи сәттерге қол жеткіздік. Бас қаламыз Астана атанғаннан күннен бастап жаңа қаланың дамуы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатыр. Осы аптада елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебі Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі 25 жылдығын атап өттідеп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Бокстан Азия чемпионатына дайындық қалай
Бокстан ерлер ұлттық құрамасы Азия чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Неміс кәсіпорыны 5500 қызметкерін жұмыстан шығарады
Bosch неміс компаниясы 5500 қызметкерін жұмыстан шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Жетісуда интернеті жоқ ауылдар бар
Облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауылдардың көбі болашағы жоқ елді мекендер қатарына жатады. Бүгінде өңірде мұндай ауылдардың саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде тағы екі жайлы мектеп ашылды
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астана қаласы мен Жамбыл облысында 2000 және 1200 оқушыға арналған заманауи екі мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш күн ішінде ұрланған 900-ден астам мал иелеріне қайтарылды
Республика бойынша «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Түркияның мәрмәр кенішінде апат болды
Түркияның Балыкесир қаласындағы мәрмәр кенішінде апат болып, екі жұмысшы топырақ астында қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Абай облысында оқушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды
Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда қасапшының сібір жарасын жұқтырғаны расталды
Атырауда сібір жарасы шыққан мал базарының жұмысшысы түйнеме жұқтырғаны анықталды. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Виктор Изюмников өзінің мерейтойында десанттық -шабуылдау әскерлері қызметшілерінің, ардагерлер кеңесінің және Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков оқып берген Премьер-министрдің құттықтаулары алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жастар психологқа қандай мәселелермен жүгінеді
Бұл туралы “BF-line – кәмелетке толмағандар мен жастарды психологиялық қолдау қызметі” жобасының жетекшісі Жанат Досжанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте қазақтың жылқы тұқымын жаңғырту және дәріптеу мәселелері талқыланды
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтын дамытудың міндеттері мен стратегиялық бағыттары вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
27 қарашада Астанаға Путин қандай мақсатта келетіні белгілі болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды
LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап.
-
Елімізде көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32%-ға артқан – ІІМ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ақтөбелік шаруа: Мал бағу – бейнет емес
Ақтөбе облысында шалғай ауылда тұрып, мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар көп.
-
Қарин бастаған қазақстандық делегация Қытайда өткен іс-шараларға қатысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасында өткен іс-шаралар мен кездесулерге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Биыл жалған ақпарат таратқандар 3,5 млн теңгедей айыппұл төлеген
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова онлайн-платформаларда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлерге және өзге де тұлғаларға қатысты депутаттардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
DHL ұшағы Вильнюс әуежайы маңындағы тұрғын үйге құлады
DHL компаниясының жүк тасымалдаушы ұшағы Литвадағы Вильнюс әуежайы маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Светлана Жақыпова еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткілердің жаңа түрлері көбейіп барады – ІІМ өкілімен сұхбат
Елімізде таралған қауіпті есірткі түрлері қандай?
-
4 жағдай дәрігер көмегімен анықталған - облыс әкімі жыныстық зорлық жөнінде
Павлодар облысындағы кәмілет жасқа толмағандарға жыныстық зорлық көрсетудің алдын алу бойынша қандай жұмыс жүріп жатқанын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда биыл 150 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 776 әйелге консультациялық көмек көрсеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Экоакциялар қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқарады – маман
Эковолонтерлікті дамыту бағытындағы волонтерлік жобаларды іске асыру үшін қандай істер атқарылып жатқанын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат департаментінің директорының орынбасары Наталья Даулетьяровадан сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылды
Алматыда көркемсурет мектебінің «Ұлт жаны» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрі жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмас үшін тағы бір мұнай өңдеу зауытын салуды кешіктірмей бастау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда әйелдерге қарсы 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген
Мегаполисте әйелдерге күш көрсеткен 105 абьюзер психокоррекциялық бағдарламаларға жіберілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ТЖМ құтқарушылары елордада және оған іргелес елді мекендерде рейд өткізді
Елорда мен Ақмола облысының құтқарушылары Астана қаласы және оған іргелес орналасқан аудандарда жеке сектордағы үйлерді аралап шықты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат алдағы отырыстың күн тәртібін бекітті
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында 59 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында АИТВ инфекциясының 59 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандай ма?
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне енгізілетін өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰҚК 10 радикалды діни идеология жақтастарының жолын кесті
Осы жылғы 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жетісулық еріктілер қызылша тасымалдаушыларына ыстық шай берді
Апталап кезегін күткен шаруалар күздің қара суығында жылынар жер таппауда.
-
Абай және Гонконг университеттері өзара тәжірибе алмасты
Абай университетінің ректоры Болат Тілеп Гонконг Қытай университетінің (CUHK) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен еліміздің өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнайдың үстінде отырған ел болсақ та, мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалады – депутат
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мұнайдың үстінде отырған ел болсақ та, мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Арқан тартыстан республикалық турнир өтті
Елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде арқан тартыстан республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңбыршин: Алдағы 15 жылда Қазақстанда мұнай-газ өндіру көлемі азаяды
15 жылдан кейін мұнай-газды өндіру көлемі төмендейді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі өзгерді
Бірнеше күн бұрын әлемдегі ең бай адамдардың тізімі өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ceoworld басылымына сілтеме жасап.
-
Ғалымдар әулеті. Бір университетте 30-ға жуық отбасы еңбек етіп жүр
Павлодар облысында Торайғыров университетінде жүздеген студентке білім беріп жүрген ғалымдар жетерлік. Бүгінгі таңда бір жоғары оқу орнында 30-ға жуық ғылыми отбасы мүшесі жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Автогаз бен жеңіл мұнай өнімдері тапшылығы бола ма
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілістегі Үкімет сағатында автогаз бен жеңіл мұнай өнімдері тапшылығын қалай болдырмайтынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды
Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша 161 064,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда белгілі тілтанушы ғалымның мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «Қазақ терминологиясындағы дәстүр және жаңашылдық сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тонна мұнай өндірмек
2026 жылдан бастап еліміз жыл сайын 100 млн тоннадан астам мұнай өндірмек. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Ресей: Екі ел арасында қандай бірлескен жобалар бар?
Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық – Орталық Азиядағы маңызды геосаяси және экономикалық факторлардың бірі.
-
2024 жылы еліміз қанша тонна мұнай өндіретініне болжам жасалды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 10 айда еліміз 73 млн тоннадан астам мұнай өндіргенін және бұл көрсеткіш жыл соңына дейін өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 4 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы вакцина алды
Елімізде АПВ-ға қарсы АҚШ-тың 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолданады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда мұнай-газ саласында неше адам жұмыс істейді
Елімізде мұнай-газ саласында 220 мың адам жұмыс істейді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жоғарғы сот: Электронды білезіктер жиі қолданыла бастады
Биылдың 10 айында ғана соттар тарапынан 505 электронды білезік қолданылды.
-
Апта басындағы валюта бағамы
Ұлттық банк 25 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су кодексінің жобасына жаңа пункттер қосылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасына су нысандарын ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғау бойынша жекелеген пункттер қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Білім беру және медицина қызметтерімен қамтуды арттыру: Үкіметте цифрлық жобалар қаралды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еңбек етіп, жұмыс істеген адамға ауылда мүмкіндік мол – сауыншы
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдары көп. Біз осы орайда астықты өлке — Мәртөк ауданының тұрғындарымен тілдескен едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Астана тұрғыны есірткі құралдарын таратқаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
-
Павлодарда жеңіл автокөлік өртенді
Еліміздің ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық спортшылар бір апта бойы қандай жарыстарға қатысады
Туризм және спорт министрлігі осы аптада қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстардың кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Газа секторында гуманитарлық жүк тиелген көліктер тоналды
Газа секторының оңтүстігінде гуманитарлық көмек тиелген жүздеген жүк көлігі тоналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Анталия әуежайына қонған ресейлік ұшақ өртке оранды
Анталия әуежайында ресейлік ұшақ өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
-
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
-
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Абай облысына қарасты Үржар ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің автономды қазандығының істен шығуы салдарынан аумақты қоқыстардан тазарту жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
"Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы аясында "Абай мұрасы мен қазіргі мұражай: таным тоғысында, білім, ғылым және тәрбие" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыларды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қырғызстанда электронды сигаретке тыйым салынды
Қырғызстанда электронды сигаретке тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Түркияның Афьонкарахисар қаласында қалааралық автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх