Все новости за 25 шілде 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Париж-2024: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары кім
Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
-
Маржықпаев пен Головкин олимпиадалық ауылға барды
Париж Олимпиадасының ашылуы қарсаңында Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин олимпиадалық ауылға барып, спортшылармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
-
Cауықтыру жаттығулары елордалық Триатлон саябағында апта сайын өткізіледі
Астанада апта сайын бейімделгіш дене шынықтыру бойынша сауықтыру жаттығулары және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арбамен баскетбол жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Елена Рыбакина неліктен Олимпиадаға қатысудан бас тартқаны белгілі болды
Теннистен ұлттық құраманың көшбасшысы Елена Рыбакина Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына неліктен қатыса алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
ШҚО полиция қызметкерлері алтын өндірумен айналысқан "кеншілерді" ұстады
ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері алтын өндірумен заңсыз айналысқан "кеншілерді" ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
СІМ-де "Ассамблея жастары" халықаралық ұйымымен жиын өтті
Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Сыртқы істер министрі орынбасары Әлібек Бақаевтың төрағалығымен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
AMANAT партиясы. Жұмыс табу оңай
Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған Астанадағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Компьютерлік ойындар жасау бойынша көрсетілген қызмет көлемі 11 есе өсті
2023 жылы Қазақстанда компьютерлік ойындарды жасау бойынша көрсетілген қызмет көлемі 21,2 млрд теңгеге жетті, бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен 11 есе артық (2022 жылы – 1,9 млрд теңге), деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Баянауыл" ұлттық паркінде қарақұрттарды жинау жұмыстары басталды
«Баянауыл» ұлттық паркінің аумағында қарақұрттар пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Канадада орман өртінен бес мыңға жуық адам эвакуацияланды
Канадада алапат орман өртіне байланысты Джаспер қаласынан 5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Argymaq.kz ұлттық танымдық порталының 10 жылдығына орай конференция өтті
2024 жылдың 24 шілде күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялаық кітапханасында «Ұлттық спорт қорының» қолдауымен және ұйымдастыруымен «Аrgymaq.kz» ұлттық танымдық порталының 10 жылдығына орай конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапонияда фармкомпания директоры адам өлімінен кейін жұмыстан кетті
Жапонияның фармацевтикалық компаниясының директоры мен директорлар кеңесінің төрағасы отставкаға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Ресей Федерациясымен шекарада электрондық кезекті енгізу жалғасуда
Бүгінгі күні Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Ресеймен шекарада «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі қолданылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны: Сапа мәселесі бірінші кезекте болғаны абзал — Шарлапаев
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Бұланды ауданында жұмыс сапарымен болып, су тасқынынан зардап шеккен бұландылықтар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс қарқынымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нұржігітов: Басты мақсат маман даярлау, су үнемдеу технологияларын енгізу және суды қайта пайдалану
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде және басқа да 40-тан астам мемлекетте ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғанда салынатын онкологиялық орталықтың жобасы жасалды
Талдықорған қаласында салынатын онкологиялық диспансердің жобасы дайын. Құны 10 млрд. теңге шамасындағы үлкен әлеуметтік жобаны «Kazakhmys Holding» компаниясы іске асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Бас Прокурор ШЫҰ мүше мемлекеттердің бас прокурорларының кезекті отырысына қатысты
Бүгін Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 22-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Сыра короліне" тиесілі мәдениет сарайының тағдыры шешілді
Ғимарат 2024 жылдың сәуір айында "KazBuildExpert" ЖШС-інің сарапшы мамандары сарайдың қазіргі жай-күйін, сенімділігі мен беріктігін тексеруге техникалық зерттеу жасады. Зерттеу қорытындысы бойынша фосфоршылар сарайын бұзу туралы шешім қабылданды. Оның орнына сырт келбеті сақталған, заманауи, әрі жайлы ғимарат салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Астанадағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды
Сенатор Андрей Лукин Астана қаласындағы «Есіл» аудандық әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалақы 1 млн теңге: Кім автобус жүргізушісі бола алады
Елордадағы №1 автобус паркінің құрылғанына биыл 50 жыл болып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар мекеме журналистерге баспасөз турын ұйымдастырып, автобус паркінің қайнап жатқан өмірін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда лотос алқабы гүлдей бастады
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округінде лотос алқабы гүлдей бастады. 5 гектар жерді алып жатқан хош иісті өсімдікті көруге келушілер саны жыл санап көбейіп келеді. Туристер көрші облыстар мен алыс-жақын шет мемлекеттерден де ағылады. Тазалық символы болып кеткен шамгүл 1 ай ғана гүлдеп тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парк басшысы: Астанада түнде жүретін автобустар пайда әкелмейді
Астанада маусым айынан бері түнгі автобустар қатынап жатыр. 1 автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов 3 бағдар бойынша екі көліктен қатынайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түрік компаниясы Қазақстанда 5000 тоннаға көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр
Ауыл шаруашылығы министрі орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Saraylım Tarım» компаниясының басқарма төрағасы Ылыджа Мустафамен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
6 айда мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркелген
Осы жылдың 6 айында мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркеліп, 27 адам қаза тауып, 577 адам жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Париж-2024: Үлкен теннистен жеребе тартылды
Париж олимпиадасында спорт түрлерінен жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. Үлкен теннистен қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына конкурс жарияланды
Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза табады
Елімізде жол апатынан жыл сайын 19 мыңнан астам адам түрлі жарақат алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Майқайыңдағы автобус апаты: Соңғы құтқарушының мәйіті табылды
55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі 75 метр тереңдікте табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Топ-5 сұрақ. Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша жауап
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ең жиі қойылатын сұрақ-жауаптарды дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 4 ойын залы мен букмекерлік кеңсе жабылды
Мегаполисте 2023 жылы 1500-ден астам ойын терминалы жойылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге баспана күзде беріледі
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, Болашақ ықшам ауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының жүру барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов Қарағанды ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты
Олжас Бектенов Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы ТЖ салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда 3382 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған
Бүгінде облыста 8 мыңға тарта шетел азаматы уақытша тұруға рұқсатнама алған. Оның жартысынан көбі көші-қон заңнамасын бұзғандар қатарында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада жолаушылардың 40%-ы жолақы төлемейді
Астанада жолаушылардың 30-40%-ы жолақы төлемей жүреді. Бұл туралы №1 автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түрмедегі күйеуіне келген әйелдің сәбиін жұбатқан қызметкер ел жүрегін елжіретті
Мекеме қызметкері сотталған күйеуімен кездесуге келген әйелдің сәбиін бір жарым сағат жұбатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Рухани дипломатия да маңызды
Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы ұсынысы қазақ халқының мәдени кодының ажырамас бөлігі болып табылатын діни толеранттылық пен қонақжайлылықтың ғасырлар бойғы дәстүрлеріне негізделген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада автобус жүргізушілерінің айлығы қанша
№1 автобус паркінің басшысы Мадияр Тұқпатов қоғамдық көлікпен қатынау бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада автобустар бір күнде неше жолаушы тасымалдайды
Елордада №1 автобус паркі күніне 400-450 мың жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы паркке ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында екі қызын зорлап келген әке 25 жылға сотталды
Сотталушы 2010 жылдан 2023 жылға дейін кәмелетке толмаған қыздарына зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді
Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты жетістіктерінің бірі өңірлерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайды
«№1 Автобус паркі» АҚ басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов қазір бұл сұрақ пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
12 жасында босанған қыз оқиғасы: Ата-анасы зорлық-зомбылық туралы білмеген
Павлодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасында босанған қызға қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Садақшылар Олимпиада ойынын бірінші болып бастайды
ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің атынан алғаш болып жарыс жолына садақ ату спортының шеберлері шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкіметте төтенше жағдайларға ден қою мәселелері талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарынан анықталған ТЖ-ға ден қою проблемаларын талдау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік органдар жыл басынан бері 190-ға жуық кәсіптік стандарт әзірледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган кәсіптік стандарттар тізіліміне еңбек нарығында неғұрлым талап етілетін кәсіптер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар әзірлеген 189 жаңа кәсіптік стандартты енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арнайы экономикалық аймақта теміржол қашан пайда болады
"Павлодар" арнайы экономикалық аймағында орналсқан кәсіпорындар теміржол желісін он жылдан астам уақыт бойы күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Полиция 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады
Түркістан облысының полициясы 9 жылдан бері халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Елімізге қай елден жұмысшылар көп келеді?
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 049 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі
Астанада 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту барысы талқыланды
Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
"Кешірім сұрайды": Масаң күйде көлік жүргізген бас имам қызметтен кетті
Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет масаң күйде көлік тізгіндегені үшін ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімін қайтарды
Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтар Қонаев әкімінің атынан тұрғындарға хабарласып жатыр
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан алаяқтардан ақпарат таралып жатыр. Әкімдік азаматтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда жұмысшы өліміне қатысты қылмыстық іс тергелуде
Бұл туралы Atyrau.Today Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отбасы банк емге арналған БЖЗҚ төлемдеріне қатысты түсініктеме берді
Отбасы банк емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі болашақ өзгерістер туралы түсініктеме берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда күзге дейін 150 көше жөнделеді - Досаев
Наурызбай аудандағы 110 көшеде 50 мың шаршы метр жол жөндеумен қамтылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ферроқорытпа зауытындағы апат: Дәрігер жұмысшылардың жағдайы туралы айтты
Хафиз Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханының травматологиялық орталығының басшысы Берік Тілеубаев Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Fly Arystan мен SCAT әуе компанияларына айыппұл салынды
Қазақстандық Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда тегін стоматологиялық көмекті кім ала алады?
№11 қалалық емхананың стоматологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Туруспекова МӘМС аясында тегін стоматологиялық көмек алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды
Салтанатты ашылу рәсіміне Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ primeminister.kz сілтеме жасап.
-
Атам 17 жасында теміржолшы атанған – Батыржан Ахметжанов
«Жарты ғасырдан бері теміржол саласына бет бұрған Ахметжановтар әулетін нағыз еңбек династиясы десе болатындай. Нәукен қария бастаған сара жолды бүгінде немерелері жалғап жүр. Бүгін соның бірі «KTZ Express» акционерлік қоғамы «KTZE Commerce» филиалының Достық пункті мекемесі басшысының орынбасары Батыржан Ахметжановпен дидарласқан едік», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар тағы қымбаттады
Ұлттық банк 25 шілдеге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Майқайыңдағы шұңқырға құлаған автобус 7 айдан кейін табылды
"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директорына қатысты тергеу аяқталды
Қаржылық мониторинг агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА Телеграм каналына сілтеме жасап.
-
Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар ұсталды
Аталған топ Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, “ізін суытпақ” болған кезде қолға түсті.
-
ІІМ: "Qarmet" АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай ұрлаған топ құрықталды
Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы “Qarmet” АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Жаңа мектеп, балабақша, бала құқығы, инклюзивті білім: министрлік жартыжылдық қорытындысын жариялады
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Білім беру инфрақұрылымы дамуда, цифрлық технологиялар енгізілуде, балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін арттыру шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Париж – 2024: Жазғы Олимпиада ойындарында 19 комментатор қызмет көрсетеді
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындардың ашылу салтанаты ертең, 26 шілде күні сағат 22:25-те тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Байден Америка Құрама Штаттарының халқына үндеу жасады
25 шілдеде Джо Байден америкалықтарға үндеу жасап, эстафетаны «жаңа ұрпаққа» беру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады
Алматы облысының Іле ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу техно-экопаркінің капсула салу рәсімі өтті. Жаңа бой көтергелі жатқан зауыттың күнделікті қуаттылығы 700 тоннаға жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 45 жастағы ер адам тауда адасып қалды
Алматы облысының Қарасай ауданында 45 жастағы ер адам тауда адасып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елде мопед апатынан 10 жасөспірім қайтыс болды
Елімізде жыл басынан бері мопедтің қатысы бар 154 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 10 жасөспірім көз жұмса, 180-і жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады
Жуырда елорда мен өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанада өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайберген Қытайдың "Singer 2024" байқауында өнер көрсетеді
Әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының "Singer 2024" ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ферроқорытпа зауытының тағы екі адамы есін жимастан қайтыс болды
Қарағанды ауруханасында ферроқорытпа зауытындаағы апаттан күйіп қалған тағы екі адам қайтыс болды, Төрт науқастың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 90 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды
Елімізде 8 млн-нан астам адамның басында несие бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы және Қызылорда облыстарында екі ірі есірткі притоны жойылды
Алматы және Қызылорда облыстарында екі ірі есірткі притоны жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді
ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх