Все новости за 7 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шалғайдағы ауыл балаларына интернат ашылады – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесқарағай ауданында әкімдік резиденциясын білім бөліміне берді. Енді Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің жанынан шалғайдағы ауыл балаларына интернат ашылады.
-
Түркі халықтарының үлкен Құрылтайы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 21-23 тамызында Венгрияның Бугац қаласында түркі халықтарының дәстүрлі үлкен Құрылтайы өтеді.
-
Арменияда төтенше жағдай тағы бір айға ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения төтенше жағдайды тағы бір айға ұзартпақ, хабарлайды "Хабар 24".
-
Карантин: 500-ден астам адамның үстінен іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау полициясы коронавирусқа қатысты шектеу шараларын бұзған азаматтардың үстінен әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркістанда "Азық-түлік белдеуі" 500 адамды жұмыспен қамтиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында, азық-түлік белдеуін құру бойынша 7 жобаға басымдық беріліп, жұмыстар атқарылуда.
-
ИИДМ-де автомобиль жолдарының саласы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ-де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық режимде автомобиль жолдарын және жол бойындағы қызметті дамыту мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті.
-
Қазақстанға Өзбекстаннан қара өрік экспорттауға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 6 тамызынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан Қазақстанға Өзбекстан Республикасының аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
-
Жамбылдық полицейлер екі мың бетперде таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Есірткіге жол жоқ!" атты акция өткізді.
-
COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны ғалымдар өздеріне салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерікті түрде вирусқа қарсы вакцина салдырды.
-
Дін саласында құқық бұзғандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайлы Атырау облысының Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
-
Ақтөбе облысында өртенген даланың видеосы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында болған ірі орман өртінің видеосы жарияланды.
-
Елордалық еріктілер ШҚО-дағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айынанан бастап «Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобасының волонтерлері Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы аумағындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне археологиялық зерттеу бойынша жұмыстарға белсенді қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жамбылда ұрланған 100-ден астам қой табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда 122 бас қой ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мақтааралда зардап шеккен егістік қайта жайқалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тасқын судан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында 3,4 мың га жер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
-
Елордада қандай спорттық шаралар өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі ресми сайтының редакциясы карантин кезінде Қазақстан астанасында спортсүйер жұртшылық үшін қандай шаралар өтуде деген сауалға жауап іздеді.
-
Көбейтұздың балшығын шелектеп алатындар азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп бұзушыларды бүгін көлге кезекті рейд кезінде Экология министрлігі мен БАҚ өкілдері анықтады, деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ыбыраева жазды.
-
Жеңіс Қасымбек жаңа оқу жылында облыс мектептері қалай жұмыс істейтінін айтты
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде жаңа оқу жылында мектептердің қалай жұмыс істейтінін айтты. Өңірдің кезекші сыныптарына кіші буынның 48 мың оқушысы баратын болады. Бұл - жалпы санының 50%-ы.
-
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын дамыту туралы есеп берді
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшыға қарулы күштердің әскери және жедел даярлығы, Қазақстан армиясын дамыту туралы есеп берді.
-
Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың 6 себебі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде жарна төлеп жүрген елорда тұрғыны, Egov арқылы тексергенде немесе Телеграмм бот арқылы қарағанда МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» деп көрсетілсе, оның себебін анықтап, білу керек. Біз бүгін ең жиі кездесетін 6 себепке тоқталамыз.
-
Ерекше балалардың ата-аналарына психологиялық көмек тегін көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен айда мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың ата-аналарына арналған психологиялық көмек көрсету бағытында Ата-аналарға арналған кеңес беру орталығы жұмысын бастады. Бүгін инклюзивті білім алуға қатысты шараның кезекті онлайн іс-шарасы ұйымдастырылды.
-
Президент Ахметжан Есімовті қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды.
-
Шымкент: 2021 жылы АСАР-2 шағын ауданы толығымен ауызсумен қамтылады
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында айтылды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Гуля Минтаева Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қандастар ЖОО-ның дайындық бөліміне қалай түсе алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандастар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алады. Осы мақсатта 2020-2021 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінді.
-
Болашақ педагогтар онлайн білім беруге дағдыланып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Birge oqý» платформасында «Онлайн педагогика 2.0» арнайы курсынан өтуде деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.
-
Ақылға сыймайтын нәрсе: Депутат өзекті мәселені көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн бойы Қазалы, Арал аудандарындағы отыздан аса елді мекенде әлеуметтік нысандарда болып, ондағы қарапайым жұмыскерлердің хал-жағдайымен таныстым. Мемлекеттік бағдарлама арқылы екі ауданға 6 млрд-тан астам қаржы бөлінген екен. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында жариялады.
-
Алматыда коронавирустан көз жұмғандардың орташа жас мөлшері белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында вирус жұқтырғандардың өліп кетуіне не әсер еткенін айтты.
-
Жемқорлыққа барған қанша шенеунік жұмысынан босатылды?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері басшылардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға кетуі және тәртіптік жазаға тартылуы туралы заңнамалық норманың орындалуы жайлы айтты.
-
Қызылорда облысы экс-әкіміне қатысты іс сотқа жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының бұрынғы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
-
"Кей жерде бұршақ жауады": Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Қарағанды облысының балабақшаларында кезекші топтар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде балалар бақшасының жоспарлы ашылуы және колледждер жұмысындағы өзгерістер туралы айтып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
-
Билл Гейтс коронавирустан да күрделі мәселені айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Microsoft -тың негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы онжылдықта планетаны қазіргі коронавирустық пандемиядан әлдеқайда күрделі дағдарыс күтіп тұр деп санайды. Ол бұл туралы өз блогында жазды деп хаарлады rg.ru.
-
Бекшин тұрғындар вирусты қайдан жұқтырып жатқанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада эпидемиологиялық жағдай жайлы баяндады.
-
Лондон марафоны қазан айында өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы Лондон марафонын ұйымдастырушылар қала билігімен ақылдаса келе, Virgin Money марафонын 4 қазанға белгіледі.
-
Алматыда карантинге қарамастан жұмыс істеп келген демалыс орны анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Жүзу бассейні бар кешен әдеттегідей жұмыс істеп келген және санитарлық шаралар сақталмаған. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
"СҚ-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ол бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
-
Ксения Собчакпен суретте салмағым 135 келі болатын, қазір арықтадым – "СҚ-Фармация" басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев әлеуметтік желіде тарап кеткен ресейлік тележүргізуші Ксения Собчакпен бірге түскен фотосына қатысты түсінік берді.
-
Қазақстандық журналистің мақаласы "The New York Times" газетінде жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық журналист Ақсәуле Әлжанның мақаласы "The New York Times" газетінің бірінші бетінде жарық көрді. Бұл туралы журналистің өзі facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Карантин кезеңін қаржылық жағынан тиімді пайдалануға арналған 7 лайфхак
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Fingramota.kz өз оқырмандарына қаржылық жоспарлау процесіне оң әсер ететін 7 ерекше ұсыныс дайындады.
-
Ауылдық жердегі жастардың көбі еңбек еткісі келмейді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылдық жердегі жастардың көбі еңбек еткісі келмейді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұлов "Желмая" жобасында айтты.
-
Қазақстан-Қытай шекарасынан өтетін көлік саны ұлғайтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай тарапы пандемия басталғаннан бері шекарада санитарлық бақылаудың күшейтілген шараларын енгізді және көлікті күнделікті өткізу 20 бірлікке дейін қысқарды.
-
Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Стартаптағы табысты әйелдер жайлы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді және әйелдер бұл салада ерлерден қалысар емес.
-
Бейрутте жүгі жарылған ресейлік кәсіпкерден жауап алынды
Алматы, BAQ.KZ. Кипр полициясы жарылыс болған кеме жүгінің иесін тауып, одан жауап алды. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі хабарлады.
-
COVID-19. Қазақстанда ең алдымен кімдерге вакцинация жасалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елімізде ең алдымен кімдерге коронавирусқа қарсы вакцинация жасалатынын айтты.
-
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚТҚЖБ Алматы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова айтты.
-
Сенат сайлауына қатысатын халықаралық бақылаушыларды тіркеу аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 12 тамыздағы Сенат депуттарын сайлауға байланысты Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды.
-
Алматыда қанша адам үй кезегінде тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев айтты.
-
#Желмая. Барлығы үшін тек билікті кінәлай беруге болмайды – Асылбек Смағұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұлов.
-
ДСМ мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалардың маска тағуына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.
-
ҰҚК ел тарихындағы ірі есірткі зертханасын жойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында зертхана жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматын ұстады.
-
Андриан Елемесов қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Ерхат Есқалиев: Дәрі тапшылығы мәселесін шешуде кешенді шаралар қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.
-
COVID-19: Үйде емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге бес міндетті дәрі сатып алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізіміне қабынуға қарсы парацетамол мен ибупрофен препараттары, ривароксабан, апиксабан және дабигатран антикоагулянттары кіреді.
-
Қазақстандықтарға жаздың соңына дейін қай елдерге шығуға рұқсат берілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Freedom Finance Life мамандары зерттеу барысында, коронавирустың әлемдік пандемиясы кезінде қазақстандықтардың бару мүмкіндігі бар тек 17 елді анықтады.
-
Facebook қашықтан жұмыс істеу режимін 2021 жылдың ортасына дейін ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Facebook корпорациясының қызметкерлері коронавирустық пандемияға байланысты келесі жылдың шілдесіне дейін қашықтан жұмыс істей алады.
-
Әйтенов: Пандемия – көрінбейтін жау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пандемиямен күресте белсенді атсалысып жүрген еріктілер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерімен кездесті.
-
Қытайда обадан ер адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Обаның өршуі тіркелген ҚХР аймағында билік эпидемиологиялық қауіптің жоғары режимін енгізді.
-
Түркістанда провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
-
42 500 теңге: 2,2 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.
-
Бейрут портындағы жарылыс үшін 16 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливан қауіпсіздік күштері бірнеше тонна жарылғыш заттар сақталған Бейрут порты әкімшілігінің өкілдерін ұстады.
-
Ертіс алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиісті жобаны қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі дайындауда.
-
15 ауылдың тұрғыны таза ауызсуға қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапары барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Май ауданы, Баскөл ауылындағы су тазарту станcасында болды.
-
Биоқауіпсіздік мәселелерін реттеу үшін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бейнеконференция байланысы режимінде жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
-
БҚО-да ауруханаға тегін берілген дәрілік препараттар ұрланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірге дәрі-дәрмек алыпсатарларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс істеп жатыр.
-
"Магистральдық Суағызғысы" мекемесіне 4 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды.
-
7 тамызда коронавирус белгілері бар пневмониядан 18 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 7 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.
-
Қызды тұрмысқа асықтыруға ешкімнің хақысы жоқ – Дина Төлепберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист Дина Төлепберген қыздардың тұрмысқа кеш шығуына қатысты пікір білдірді. Өзі 30-ға таяп отбасылы болған ол өзге қыздардың да асықпай, жеке жағдайларын жасап алғаннан кейін тұрмысқа шыққанын қолдайды екен.
-
Қазақстанда бір тәулікте 980 адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 980 адам коронавирус жұқтырған.
-
Ақтөбе облысында 30 жыл бұрынғы кәріз құрылысы жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Қобда ауданында коммуналдық желінің құрылысы Кеңес одағы кезінде басталып, аяқсыз қалған. Бұған дейін тек әлеуметтік нысандар ғана қамтылып келіпті.
-
Атырау көшесінде баланы зорлай жаздаған мас адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық жасауға оқталды деген күдікпен мас адам ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлім етті.
-
Алматы облысында табиғатты ластаған 761 адамға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатқа деген қамқорлықты халыққа жеткізу мақсатында 24 шілдеден бастап өңірдегі адамдар көп жиналатын жерлерде, су айдындарының жағалау аймақтарында, жағажайларда, демалыс аймақтарында, табиғи парктерде және халықтың басқа да демалыс орындарында рейд өткізілді.
-
Сенсация: Күлтөбе қалажұртынан ерекше құрылым – ежелгі ханака табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Түркістан қаласының ең ежелгі бөлігі Күлтөбе қалажұртында ғалымдар ханака деп аталатын ежелгі сопылық мінәжат ету ғимаратын тапты. Бұл туралы сүйінші хабарды «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС-нің баспасөз қызметі жеткізді.
-
Бүгін 7 облыста ауа райының бұзылатыны ескертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, 7 тамызда Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланып отыр.
-
Қыркүйекте әйгілі боксшылар Майк Тайсон мен Рой Джонс жұдырықтаспақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты аңызға айналған әйгілі боксшылар арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Калифорния штатында төрешілерсіз өтетін болды.
-
Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданын сел басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының тұрғындарын екі күн бойы толассыз жауған нөсер әбден титықтатып тастады. Себебі, екі тәулікте төге салған 7 айлық мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан алапат сел жүрген-ді.
-
Нұр-Сұлтанда барлық мектепке жаңа оқулықтар таратылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді. Ол туралы толыққанды ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
-
СҚО-да салынған жолдың сапасына қатысты дау туындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданында былтыр ғана төселген асфальт езіліп, сол үшін бөлінген 700 миллион теңге желге ұшқан. Нақты айтқанда, сол ауданға қарасты Чистополье мен Еленовка ауылдарын қосатын жол Кеңес заманынан бері жөндеу көрмей келіпті.
-
Елорданың 13 дәмханасы карантин тәртібін өрескел бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет карантин ережесін бұзған дәмханалардың тізімін жариялады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Карантин: қазақтың қаршадай қызы АҚШ-тан Ақжарға ақша аударған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам белсендісі Ермек Құрманғалитегі Facebook парақшасына АҚШ-тағы қазақ қызының туған жеріне дәрі-дәрмек пен қажетті аппараттар үшін ақша аударғанын жазды.
Наверх