ИИДМ-де автомобиль жолдарының саласы талқыланды

7 Тамыз 2020, 21:50
1232
Бөлісу:
ИИДМ-де автомобиль жолдарының саласы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ-де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық режимде автомобиль жолдарын және жол бойындағы қызметті дамыту мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті.

Оған ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, ««QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов және ел өңірлері әкімдіктерінің өкілдері қатысты.  

"Нұрлы жол" бағдарламасының аясында автомобиль жолдары саласының алдында ауқымды міндеттер тұр. Осылайша, ел мен әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан биыл жолдардың 2,6 мың шақырымында қозғалысты ашу жоспарланған.

Қазіргі таңда "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен", "Қарағанды – Балқаш", "Балқаш – Бурылбайтал – Күрті", "Меркі – Бурылбайтал", "Үшарал – Достық", "Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)", "Ұзынағаш – Отар", "Қалбатау – Майқапшағай"  жолдарында және "Шамалған станциясындағы жол өтпесінің құрылысы" жобасы аясындағы жұмыстар  белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.

Министр санитарлық нормаларды сақтай отырып, жұмыс қарқынын күшейтуді, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелерінде көлік қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Өзгелердің жаңалығы