Все новости за 12 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеліктердің кейбірі ХҚКО-да тегін қызметке ақы төлеп жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 600-ден астам азаматтың өтінішін қабылдайды. Олардың 200-і онлайн режимде. Дегенмен, компьютер тілін түсінбейтін тұрғындар ақысыз көрсетілетін қызметтен пайда тауып отырған пысықайларға жем болуды.
-
Атырауда коронавирусқа шалдыққандардың 74 пайызы жазылып шыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров өңірде коронавирустан жазылғандардың 74 пайызға жеткенін мәлімдеді.
-
Мәскеуде Абай ескерткішінің жанында инсталляция ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеуде Чистые пруды бульварындағы Абай ескерткішінің жанында бірегей инсталляция ұсынылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
-
Түркістанда жыл соңына дейін 48 мектеп пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 1 қыркүйектен бастап оқушылардың 92% қашықтан оқыту форматында білім алады. Бұл – өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында қолға алынып отырған шара, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Тыйым салынған аудио жазбаны сақтаған азамат жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының 25 жастағы А есімді тұрғынынан "әлеуметтік желіде тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтау" фактісін анықтады.
-
Маңғыстауда биыл 7 жаңа жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың қаңтар-шілде аралығында Маңғыстаудағы негізгі макрокөрсеткіштер оң динамикасын көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Жас өнертапқыштар байқауында 62 жоба ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "KazRoboProject" ғылыми-техникалық жобалар байқауы 2016 жылдан бастап жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінен жас конструкторларды, талантты, ізденімпаз балаларды анықтайды.
-
Биыл көмір тапшылығы болмайды – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұраныс артатын қыркүйек-қараша айларында дүрлігуге жол бермеу мақсатында әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін көмірді алдын ала сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.
-
Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін турнир Сочидан Қазан қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
"102" операторына бір ауысымда 150 қоңырау түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында "102" пультіне 130 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
-
Алматыдағы Пархач көлінде балықтардың өлуіне байланысты тексеру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған көлге министрліктен қалалық экология департаменті, "Қазгидромет" және Алматы қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері келді, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
-
Елімізде табысты жастар жайлы челлендж басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы қазақстандық жастарды қолдауға арналған ауқымды акцияны бастайды.
-
ҚМДБ: Елорда ауруханаларына тағы 40 аппарат табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мен "Зекет" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" акциясы бойынша елордадағы ауруханаларға 20 оттегі концентраторы мен 20 өкпені тыныстандыру аппараты тапсырылды.
-
Шекарадан үлкен көлемде алкоголь өнімін алып өтпек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР азаматы елден құны 5,5 млн теңгеден асатын алкоголь өнімін алып өткен болған, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
-
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламаға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура қол қойды.
-
Биыл елордада қандай аудандарға табиғи газ тартылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында 2020 жылы "Сарыарқа" газ құбырынан қандай аудандарға табиғи газ тартылатынын айтты.
-
Саясаттанушы Сенат сайлауының ерекшелігін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат депутаттарының сайлауына қатысты саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пікір білдірді.
-
Стационарлардағы науқастар саны 10 есеге төмендеді – елорда әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың шарықтау шегі мерзімінде стационарларда бір уақытта 3 мыңнан астам адам болды, қазір шамамен 380 адам ем-дом қабылдауда. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Нұр-Сұлтанда карантин ұзартылуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында Нұр-Сұлтанда қатаң карантинді ұзарту мүмкіндігі туралы айтты.
-
Кардиологтар өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық кардиологтар COVID-19 індетімен күрес кезінде өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынуда.
-
Нұр-Сұлтан оқушылары үшін 34,5 мыңға жуық компьютер сатып алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
1 қыркүйектен бастап Түркістан облысындағы оқушылардың 92%-ы қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысы бойынша 2020-2021 жаңа оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындығы жөнінде онлайн брифинг өткізді. Елімізде коронавирус инфекциясының кең таралуына байланысты мектеп оқушылары cәуір-мамыр айларында қашықтан оқыту форматына көшті.
-
Ұлттық кеңес мүшелері Президент тапсырмаларының орындалуын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық сенім кеңесі мүшелерімен онлайн форматта талқылау өткізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мамыр айында өткен Ұлттық сенім кеңесінің 3-отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Ауылда шешілмей келе жатқан проблемалар шаш-етектен - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шиелі ауданы Балаби, Сұлутөбе, М.Шоқай елді мекендердегі мектептерде дәрігерлік пункттерде болып, ондағы қызметкерлермен кездесіп пікір алмастық.Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Сенатқа депутаттыққа сайланғандардың ең жасы - 44-те
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Депутаттар аймақтар атынан сынға түскен болатын.
-
Елордада Абай әндеріне каверлер байқауының қорытындысы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобасы аясында ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған каверлер байқауы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап 7 елге халықаралық рейстер қайта ашылады деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Коронавирус: Арменияда карантин тағы да ұзартылды
Арменияда 16 наурыздан енгізілген төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды деп хабарлайды Reuters.
-
Шымкент: 7 айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде қалалық Құрылыс басқармасы мәлімдеді. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8- і– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12-сі – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан.
-
Түркістан облысында су тазарту қондырғылары жасалып шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында "Kutlar Muhendislik" түрік компаниясы ауыз су мен ағын су тазартудың заманауи модульдік стансаКентауларын шығаруды жоспарлап отыр. Ұлттық компания және Түркістан облысы әкімдігінің көмегімен инвесторлар қажетті жабдықтардың бір бөлігін алып, Кентау қаласында өз жұмысын бастап кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Экология министрлігі жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігі жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгүл Соловьева мәлімдеді.
-
Мемлекет басшысы Сауат Мыңбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауат Мыңбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының биыл атқарған жұмысы жайында есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Оңтүстік Кореяда жұмыссыздық деңгейі күрт өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес 2009 жылдан бері жұмыссыздық деңгейі 4 пайыз болып, рекорд жасады. Бұл туралы The Korea Herald хабарлады.
-
Атырау облыстық ауруханасында оттегі цехы салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салынып жатқан цех құрылысы биыл қыркүйек айының соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
БҒМ шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ға ауысуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы облысында жергілікті жолдардың 240 шақырымы жөнделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тұтастай алғанда, өңірде биыл автомобиль жолдары саласында 40-тан астам жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Шарын шатқалы бұзылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғаттың бірегей ескерткішіне айналған Шарын шатқалы біртіндеп сөгіліп жатыр, деп хабарлады "Хабар 24". Экобелсенділердің айтуынша, шатқалда тікұшақтардың үнемі ұшуы салдарынан күшті дыбыстық қысым жасайтын зиян келуде.
-
ШҚО-да 32 мыңнан астам студент қашықтан білім алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, ШҚО-да техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мектептердегі сияқты жаңа оқу жылын бастаудың екі нұсқасы қарастырылуда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
-
Полиция Есіл өзенін ластаған жүргізушілерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
Ақтөбе облысында 1000 армян көлігі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында бүгінде мың армян есебіндегі автокөліктер тіркеуге алынды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
COVID-19: Президент Путинді әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылордада карантиндік шектеулердің әсерінен вирус динамикасы тұрақталып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шектеулердің әсері Қызыорда өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына, вирус динамикасының тұрақтануына алып келді.
-
Шымкент көшелеріне 2022 жылға дейін 100% атау беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді.
-
ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан былай көлікті қайта тіркеу үшін үш ЖСН-ге бір бронь алуға болады.
-
COVID-19. Елордалық ауруханалардың бірінде соңғы науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылдық 68 жастағы Кенжетай Көжеков мұнда өкпесі 75%-ға зақымдалған күйде түскен.
-
Жамбыл облысының оқушылары үшін 30 мыңнан астам компьютер сатып алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспасөз конференциясын өткізіп, онда жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады.
-
Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ және Kusto Group компаниясының халықаралық тобына кіретін "Semey Tannery" ЖШС арасында Семей қаласындағы тері-былғары комбинатын кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті жалға алу шартына қол қойылды.
-
Елордада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұқтаж ата-аналар өтініштерін арнайы платформада қалдыра алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Ассамблеяның Абай фестивалі екі күнге жалғасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-11 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы "Абай күні" және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде онлайн поэзия фестивалін ұйымдастырды.
-
Келер жылдан бастап барлық ҮЕҰ үшін жұмыс жақсарады – белсенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Азаматтық сараптама" онлайн платформасы аясында өткен брифингте "ГрИн" Қостанай облыстық азаматтар альянсы" қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаева айтты.
-
Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Бұрынғы министр Сенат депутаты атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Сенат депутатын сайлау өтті.
-
Елде мамандандырылған сарапшылар институтын құру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҚЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина "Азаматтық сараптама" онлайн платформасы аясында өткен брифингте әлеуметтік жобаларды бағалайтын мамандандырылған сарапшылар институтын құруды ұсынды.
-
Байбек: Nur Otan праймеризі жастардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
-
Мемлекет пен ҮЕҰ арасында шарттылық мәселе көп – Қожахмет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынаста шарттылық мәселелер көп. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет "Азаматтық сараптама" онлайн платформасында өткен брифингте айтты.
-
МӘМС: Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы өтініштерді өңдеудегі ең тиімді тәсіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі сәтте сұранысқа ие.
-
Киік мүйіздерін атып, кәсіп қылған ақтөбеліктер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полицейлер киіктерді атып, олардың мүйіздерін сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады.
-
Карантин жеңілдетілген жағдайда мешіттер қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
-
COVID-19: Амбулаторлық жағдайда емделушілерге 5 түрлі дәрі тегін беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді Парацетамол, Ибупрофен, антикоагулянттар, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран препараттары науқастарға тегін беріледі. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық орталығы таратты.
-
Беларусьтегі жағдай: Күштік құрылым бөлімшелері Минскіден кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көшелерден қоршаулар алынып, негізгі магистральдар бойынша көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп жазды ТАСС.
-
2,2 миллионнан астам қазақстандық 21 250 теңгені алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыздағы жағдай бойынша биылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 531 мың бірегей өтініш қабылданды.
-
Әшімбаев сайланатын сенаторлардың белсенді жұмыс істейтініне үміт артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, елордадан және республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден 17 сенаторды сайлаушы мәслихат депутаттары сайлайды.
-
Елімізде 600-ден астам медұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында аймақтар бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуды қалпына келтіру күні көрсетілген медициналық ұйымдардың тізімі пайда болды.
-
COVID-19: Алғаш Ресейде тіркелген вакцинаның суреті жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Денсаулық сақтау министрлігі әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы болып тіркелген вакцинаның суретін жариялады.
-
Коронавирус белгілері бар пневмониядан 8 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамыздан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 181 адам қайтыс болған.
-
Коронавирус: Қазақстанда 25 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 2020 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.
-
Бүгін елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, яғни 12 тамызда елдің барлық облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы өтетін болады.
-
12 тамызда Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамызда Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 тамыз, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Өткен тәулікте 975 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 975 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 691 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 691 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Садақ атудан 2021 жылғы маусымға арналған жарыс кестесі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық садақ ату федерациясы (World Archery) 2020 жылғы маусымда ешқандай турнир өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Оlympic.kz.
-
Италияның туризмнен түсетін табысы төрт есеге қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Италияға келетін туристер саны былтырғымен салыстырғанда 75 пайызға аз болады.
-
Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жанкент қалашығында кешенді жұмыстар аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыр елінің Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстар қорытындыланып, кешенді жұмыстар нәтижесінде бір бөлменің композициясы жасақталды.
-
Алматыдағы колонияда тігін цехы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда балалар колониясында шағын тігін цехы ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Приозёрск дәрігерлеріне алғыс пакеттері тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы Қарағанды облысының Приозёрск қаласындағы Орталық қалалық ауруханасында өтті. Jas Otan жастар қанатының белсенділері меценаттардың қолдауымен ұйымдастырушы болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.
-
Қызылордада екі бала дарияға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда биыл жалпы ұзындығы 13,5 шақырым жылу желілері жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы құбырлардың тозу көрсеткіші 82%, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Əскери авиация ұшқыштары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясының ұшқыштары топтық рейспен оқу-жаттығу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ІІМ Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Наверх