Садақ атудан 2021 жылғы маусымға арналған жарыс кестесі бекітілді

12 Тамыз 2020, 07:35
1656
Бөлісу:
Садақ атудан 2021 жылғы маусымға арналған жарыс кестесі бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық садақ ату федерациясы (World Archery) 2020 жылғы маусымда ешқандай турнир өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Әлемдік жарыстардың барлығы да 2021 жылға ауыстырылған.  Жыл сайын садақ ату маусымы 1 сәуірде басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.

Маусымды жоспарлау жыл өткен сайын қиындап барады. Себебі, турнирлер қатары да көбеюде. Бұл біздің спорттың дамып келе жатқанын көрсетеді, - дейді World Archery атқарушы директоры Том Дилен.

 2021 жылғы турнирлер  тізімі:

19-25 сәуір – Әлем кубогінің І кезеңі (Гватемала).

17-23 мамыр – Әлем кубогінің ІІ кезеңі (Шанхай, Қытай).

14-27 маусым – Токио Олимпиадасының соңғы іріктеу турнирі (Париж, Франция). 21-27 маусым – Әлем кубогінің ІІІ кезеңі (Париж, Франция).

23-31 шілде – Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындары (Жапония).

19-26 қыркүйек – садақ атудан әлем чемпионаты (Янктон, АҚШ).

Өзгелердің жаңалығы