Все новости за 21 қыркүйек 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтын медалін иеленді. 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Нұр-Сұлтанда Президенттік парк аумағында өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Президенттік парк аумағында контейнер мен қойма өртенді.
-
Мәдениет және спорт министрі Семейдегі Абай музейіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық барысын ұйымдастыру мақсатында музейге барды.
-
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 40% өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Еліміздің 5 облысында -3 градусқа дейін үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста күн суытып, ауа райының күрт бұзылатынын ескертеді.
-
Экология министрі бастаған топ елордалық баулардың бірін тазартып, ағаш отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министр бастаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы Дүниежүзілік тазалық күнін ағаш егу жəне саябақтарды тазалау арқылы атап өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
-
ҚР Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
ІІМ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингке қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ заңсыз митингке қатысқан 57 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты.
-
Тоқаев белгілі француз саясаткерін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері, «Attali and Associés» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Димаш қазақстандық "Ник Вуйчичпен" достасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық "Ник Вуйчич" атанып кеткен елордалық оқушы Әли Тұрғанбеков әлеуметтік желісіндегі парақшасында өмірінде болып жатқан жағымды жаңалығын бөлісті.
-
Қазақстандағы Индонезия елшілігі Тәуелсіздік күнін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Индонезия Республикасы Тәуелсіздігінің 74 жылдық мерейтойы және Индонезия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың 26 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
-
Билет құнының жоғары болуына байланысты 2 әуекомпанияға қатысты тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Эйр Астана» АҚ және «Scat» авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
-
6 қыркүйекте жоғалып кеткен бармен жігіттің денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қыркүйекте жоғалып кетіп іздеуде болған 24 жастағы Әнуар Байзуровтың денесі табылды, деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Әскери пәндерде Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының тәжірибесі ескерілетін тақырыптар енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі басшылығының ақпараты бойынша осы кезеңде «Білім туралы» заңға енгізілген түзетулерді орындау мақсатында Кадет корпусында білім беру қызметінің стандарттары жаңартылды, ал оқу бағдарламасы аясында әскери пәндер бойынша белгілі бір түзетулер енгізілді.
-
Оралда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған қылмыстық топқа үкім шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне үкім шығарды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
-
Полиция инспекторына пара берген автоледиге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот осы істі қарап, заң бұзушыға мемлекет пайдасына 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
-
Ақтөбе облысында тергеушілер мен патрульді полиция қызметкерлері тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік тәртіп сақшылары жұмысқа алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңке өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанадағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Ақтөбе облысының 12 ауданынан 20 тауар өндірушісі және Қызылорда облысының 7 ауданынан 70 кәсіпорын қатысады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Әйелдер онколог мамандардан тегін кеңес ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның барлық мемлекеттік онкологиялық мекемесінде ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қазақ Ұлттық онкология және радиология зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еуроодақ Британияға қаржы міндеттемесін өтеуді жүктеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания тек орынды дәлелдері болғанда ғана Еуроодақтан шығу мерзімін шегеруі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
-
21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерінен циклон жырасының және сонымен байланысқан атмосфераның фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
-
СҚО кәсiпкерлерi ЕЭК министрiмен өткен кездесуде экспорт мәселелерiн көтердi
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда Еуразиялық экономикалық комиссияның көшпелi отырысы өттi. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
30 қыркүйекте елордада бизнес қауымдастықтың алдында бірыңғай есеп беру күні өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының бұйрығымен 30 қыркүйек бақылау және қадағалау органдарының бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні болып жарияланған болатын.
-
Зидан «Реалдан» кетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридтік «Реалдың» ПСЖ-дан ойсырай жеңілуі Зинедин Зиданның жағдайын едәуір қиындатып жіберді, деп жазады Prosports.kz.
-
Дубайда EXPO-2020 көрмесі өтетін аумаққа темір күмбез қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежізілік көрме келер жылдың 20 қазанында Біріккен Араб Әмірліктерінде ашылады. 550 тоннаны құрайтын алып күмбез көрме павильонының дәл ортасына орналасты, деп хабрлайды 24.kz.
-
Елорда тұрғындарының 60% шағын және орта бизнес аясында жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ/ Елорда бизнеспен айналысатын азаматтарға қолайлы қала болады. Бұл туралы кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясында "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Т. Құлыбаев мәлімдеді, деп жазды жергілікті әкімдіктің ресми сайты.
-
«Макдональдстан» бургер сұрап жеген Роналду өзіне мейірімділік танытқан әйелді тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің және достарының кішкентай кездерінде «Макдональдстан» бургер сұрап жегенін айтқаннан кейін, болашақ жұлдызға мейірімділік танытқан әйелдердің бірі табылды, деп жазады Prosports.kz.
-
23 жастағы америкалық талма дертімен ауыратындар үшін медициналық қорапша ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 жастағы Ума Смит талма дертімен ауыратындар үшін медициналық қорапша шығарды, деп хабарлайды 24.kz.
Наверх