Все новости за 17 наурыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО-да МӘМС қорымен шарт жасасушылар саны артты
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру қорына аударылған қаражат биыл 5,8 пайызға артқан. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры хабарлады.
-
Қызылордада танымал ғарышкерлердің қатысуымен Наурыз оқулары өтіп жатыр
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» ІХ Наурыз кездесуі өтуде.
-
Мәсімов: Елімізде киокушинкай каратэден Әлем чемпионаты өтеді
Астана, BAQ.KZ Астанада Қазақстанның Жауынгерлік өнер ассоциациясының Президенті Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Ассоциацияның I Конгресі өтті.
-
Елеусінов кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді
Астана, BAQ.KZ. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты.
-
ШҚО-да мектеп түлектерінің өзге өңірлерден білім алуы 30% азайған
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысында мектеп түлектерін өңірде қалдыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудан, қалаларға аттанған арнайы комиссиялар мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
-
Бос жұмыс жәрмеңкесі. 53 қызылордалық тұрақты қызмет тапты
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордада бос орындар жәрмеңкесі өтті. Мұнда 53 қызылордалық тұрақты жұмыс тапты.
-
Бас прокуратура: Түрмеде отырғандар саны 3 жылда 6000-ға азайған
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 14 наурыздағы жағдай бойынша қылмыстық саясатты зерттеу институтының («ICPR» - Ұлыбритания) жаңартылған деректеріне сәйкес Қазақстан түрмеде отырған адамдардың халықаралық рейтингінде Сингапурдан, Израильден, Австралиядан және Еуроодақтың бірқатар елінен (Чехия, Польша, Словакия, Венгрия, Балтық жағалауы) озып, позициясын 83-тен 95-ке дейін жақсартты.
-
Қазақстандық атлет Әлем чемпионатында рекорд орнатты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Сайхан Тайсуев жастар арасындағы әлем біріншілігі-2019 жарысында үздік ауыратлет атанды.
-
Жастар чемпионаты. Жамбы ату мен теңге ілудің жеңімпаздары анықталды
Қызылорда, BAQ.KZ. Бүгін Сыр өңірінде өтіп жатқан ұлттық спорттан Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші күнгі бәсекесі аяқталды.
-
Қызылордада ата-аналар «суицид сақшылары» курсын оқыды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы 2015 жылы елімізде бірінші болып ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірігіп, «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» пилоттық жобасын қолға алды. Осы бағыттағы іс-шаралар «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім» бағытындағы аймақтық комиссияның кезекті мәжілісінде жан-жақты талқыланды.
-
Еліміздің бірнеше облысында су тасқыны болуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында күннің күрт жылуына байланысты, су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.
-
Жайықта ғылыми зерттеу жүргізіледі
Атырау, BAQ.KZ. Жайық өзенін ғылыми зерттеуге облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының хабарлауынша, аталған зерттеу көптеген проблемалық сауалдарға жауап беруі тиіс.
-
Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы мәдени ошақтар мен спорттық мекемелер Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті.
-
Жас кәсіпкерлер Жасыбайда криптоферма ашпақ
Павлодар, BAQ.KZ. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының ХҚКО-да өткен жеке қабылдауына бірқатар адам келіп, өз жобаларымен бөлісті.
-
Жайық жағасындағы сенбілік. 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық
Атырау, BAQ.KZ. "Nur Otan” партиясы Атырау филиалы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті. "Таза жағалау" сенбілігіне 2600-ден астам тұрғын қатысты. Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Бокс. Он алтынның сегізі өзімізде
Астана, BAQ.KZ. Астанада Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Марина Вольнованың сыйлығы үшін бокстан қыздар арасындағы халықаралық турнир аяқталды.
-
Жаңа Зеландиядағы қырғын. Қылмыскер сот залына әкелінді
Астана, BAQ.KZ. Жаңа Зеландиядағы екі мешітке оқ жаудырып, 50 адамның өмірін қиған террорист Брентон Таррантқа “адам өлтірді” деген айып тағылды.
-
Әзербайжанда 400-ге жуық жазасын өтеуші босатылды
Астана, BAQ.KZ. Әзербайжанда шамамен 400 сотталушыға рақымшылық жасалды. Олардың арасында бұрын саяси тұтқын болып танылған бірнеше оппозиционер бар.
-
Шымкенттік кәсіпкер Үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық кілем өндірушілер Өзбекстан нарығына тауар шығарғанда акциз салығына ілінеді. Бұл баға бәсекесінде ұтылуға әкеледі. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Шымкенттегі "Бал текстиль" кілем фабрикасын аралауы кезінде аталған кәсіпорын басшысы Талғат Исқақов Үкіметтен осы қиындықты шешуге көмектесуін сұрады.
-
Көктем шуағы. Қарағандының гулливер гүлдері
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда көктемнің келуін күтпеген гүлдер ерте гүлдеді. Қала тұрғындары мен қонақтары екі метрден асатын жауқазындар мен қызғалдақтарды қызықтаудан жалығар емес.
-
Көкшетаудағы "Көктем шуағы"
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда өткен "Көктем шуағы" фестиваліне 200-ден аса ана қатысты. Облыстық Науан хазірет атындағы мешіт жанындағы «Айғаным» қыздар клубының ұйымдастыруымен өткен фестивальге қатысушы қыз-келіншектер ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, сəнді əшекейлер, қынамен сурет салу, шаш үлгісін жасау, тəтті тағам түрлерін дайындау жəне бет күтіміне қатысты мамандардан кеңестер берілді.
-
17 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жауын-шашын жауып, солтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Көп жерде тұман
Наверх