Сириядағы жағдай қашан тұрақталады?

23 Қараша 2022, 16:17
1183
Бөлісу:
Сириядағы жағдай қашан тұрақталады?
Фото: автордан

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, тараптар Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылап, бұл аймақта тұрақты қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін  егемендік пен аумақтық тұтастық керек. 

Кепіл елдер Сирияға тиесілі мұнай табысының заңсыз тәркіленуіне мен тасмалдауына қарсылық білдірді. Олар террористік элементтерге қолдау көрсететін мемлекеттердің әрекеттерін, соның ішінде Сирияның солтүстік-шығысындағы заңсыз бастамаларды айыптады, – деді вице-министр. 

Еске сала кетейік, келіссөздердің күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:

- Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал;

- саяси процесті кешенді ілгерілету;

- сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу;

- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2642 қарарына сәйкес Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.

Өзгелердің жаңалығы