Сирияның солтүстігінде Алеппо провинциясындағы Нейраб қаласында оқ-дәрі жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарылыс салдарынан кем дегенде жеті адамның қаза тапқаны айтылуда.
Бұл туралы сириялық Syria TV телеарнасы мәлімдеді.
Алепподан шығысқа қарай орналасқан Нейраб қаласында оқ-дәрі сақталған үйде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше адам жарақат алды, - делінген телеарна таратқан хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылы қарашаның соңында қаруланған оппозициялық топ сириялық әскерге ауқымды шабуыл жасады. 8 желтоқсанда Сирия астанасы Дамаскте оппозиция күштері президент Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етіп, ол елден кетуге мәжбүр болды.