Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сирияда үйлену тойы кезінде жарылыс болып, ондаған адам зардап шекті

Бүгiн, 19:52
187
Бөлісу:
 SANA агенттігі
Фото: SANA агенттігі

Сирияның оңтүстігіндегі Дераа провинциясы Абидин ауылында өткен үйлену тойы кезінде гранаталар жарылып, кемінде 33 адам, оның ішінде балалар да, жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

SANA агенттігінің мәліметінше, белгісіз адамдар той өтіп жатқан жерге екі қол гранатасын лақтырған. Жарылыстар салдарынан мерекеге келген қонақтар зардап шеккен.

Жергілікті билік өкілдерінің дерегіне сәйкес, жараланғандардың көпшілігінің жағдайы жеңіл және орташа ауыр деп бағалануда. Бір адам ауыр жарақат алып, дәрігерлер оның аяғын ампутациялауға мәжбүр болған.

Оқиға бойынша құқық қорғау органдары тергеу бастады. Қазір шабуыл жасағандардың кім екені және болған жайттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы