Сирия жағдайы: Кепіл болған елдер мәлімдеме жасады

23 Қараша 2022, 15:56
1337
Бөлісу:
Сирия жағдайы: Кепіл болған елдер мәлімдеме жасады

Сириядағы жағдайға байланысты 19-шы халықаралық кездесуде тараптар қандай келісімдерге келді?  Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, 2022 жылғы 19 шілдеде Тегеранда өткен Астана процесіне кепілдік беруші елдердің үшжақты саммиті аясында қол жеткізілген келісімдерді басшылыққа ала отырып, біз әлемдегі және аймақтағы жағдайдың дамуын қарастырдық, – деді ол.

Ол Сирия дағдарысының тұрақты шешімін дамытуда Астананың рөлі ерекше екенін атап өтті.

Екіншіден, Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына мызғымас адалдықтарын қуаттады. Бұл қағидаттардың жалпыға бірдей сақталуы мен құрметтелетінін айтты, - деді. деді Әділ Тұрсынов келіссөздерден кейін.

Үшіншіден, оның атап өтуінше, тараптар терроризмге қарсы күрестің барлық нысандары мен көріністерінде өзара іс-қимылды жалғастыруға және Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған әрі көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне, оның ішінде трансшекаралық шабуылдар мен инфильтрацияға қауіп төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұруға бел буатынын атап өткен.

Төртінші - Идлиб деэскалация аймағындағы жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. Гуманитарлық ахуалды қоса алғанда, Идлиб деэскалация аймағындағы және оның айналасындағы жағдайды тұрақты қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету үшін одан әрі күш салуға келісті. Идлиб туралы бүкіл келісімді толық орындау арқылы «жерде» тыныштықты сақтау қажеттігін атап өтті, - деді ол.

Еске сала кетейік, келіссөздерге кепілгер елдер - Иран, Ресей және Түркия делегациялары, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясының өкілдері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы