Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Polisia.kz мәліметінше, оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды. Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген.

Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек, - делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Егер балалардың қараусыз қалуы салдарынан өрт біреуге зиян келтіргені нақтыланса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн, - деп ескертті министрлік.