Сирек құбылыс: Жер бетінде Күн тұтылды

29 наурызда Еуропа, батыс Африка, солтүстік Азия мен Солтүстік Американың шығыс бөлігінің тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – жартылай күн тұтылуының куәсі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 30 Наурыз 2025 2025, 03:14
30 Наурыз 2025 2025, 03:14
8659
Фото: pixabay.com

29 наурызда Еуропа, батыс Африка, солтүстік Азия мен Солтүстік Американың шығыс бөлігінің тұрғындары сирек кездесетін астрономиялық құбылыс – жартылай күн тұтылуының куәсі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи құбылыс кезінде Ай Күннің бір бөлігін тістеп алғандай, күн табақшасының бір бөлігін жауып тұрды.

Тұтылу бірнеше минутқа ғана созылғанымен, бақылаушыларға керемет әсер сыйлаған.

NASA таратқан дерекке сәйкес, Күннің жабылу деңгейі өңірге байланысты болған. Мәселен, Рейкьявикте Күннің табақшасы Күннің 68 %-ға жабылса, Дублинде — 31 %-ға, Лиссабонда — 27 %-ға, Лондонда — 31 %-ға, Парижде — 24 %-ға, Мадридте — 21 %-ға, Берлинде — 15 %-ға, ал Миланда — 10 %-ға ғана жабылған.

Наверх