Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сирек есімдер: Елімізде "Қазақстан" деп аталатын адамдар саны қанша?

20 Қазан 2025, 20:42
1266
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Республика күні қарсаңында елімізде "Қазақстан" деп аталған 28 азамат тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі – 7 адам Қарағанды облысында тіркелген. Ал 6 адам Ақмола облысында тұрады. 

Қостанай облысы мен Астана қаласында әрқайсысында 3 адамнан бар. Алматы, Маңғыстау және Шымкент қалаларында әрқайсысында 2 адамнан, ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 1 адамнан тіркелген.

Бұл ерекше аттың барлық иелерінің ішінде тек бір ғана әйел бар. 

Қазақстан есімін иеленгендер ішіндегі адамның ең үлкені – 92 жаста, ал ең кішісі – тек 25 жаста.

Еске салайық, бұған дейін Республика күніне орай кейбір астаналықтарға біржолғы төлем берілетінін хабарладық. 

Өзгелердің жаңалығы