Синоптиктер үсік жүріп, бұршақ жауатын аймақтарды атады

23 Маусым 2023, 17:08
1057
Бөлісу:
Синоптиктер үсік жүріп, бұршақ жауатын аймақтарды атады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер болжамынша, қазақстандықтарды тұрақсыз ауа райы күтіп тұр

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының тұрақсыз ауа райының сипатын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайтын болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады. 26 маусымда түнде еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады деп күтілуде. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы