Синоптиктер сенбі күнгі ауа райын болжады

16 Шілде 2022, 08:00
1040
Бөлісу:
Синоптиктер сенбі күнгі ауа райын болжады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны анықтайтын болады. 

Жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, түнде және таңертең солтүстікте тұман, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында және орталығында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы