Синоптиктер Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады

29 Наурыз 2024, 22:55
580
Бөлісу:
Синоптиктер Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: архив

Синоптиктер ертең, 30 наурызда Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жауын, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күркірейді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының тау етегіндегі аудандарында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында кей уақытта найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың онтүстік жартысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, батысында екпіні 16 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы