Синоптиктер бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады

7 Қаңтар 2020, 15:19
1935
Бөлісу:
Синоптиктер бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында 8 қаңтарда тұман сақталады. Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 8 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Сонымен қатар, Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.



Өзгелердің жаңалығы