Синоптиктер Қазақстандағы ауа сапасы туралы айтты

25 Қаңтар 2020, 11:17
1506
Бөлісу:
Синоптиктер Қазақстандағы ауа сапасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 25 қаңтар күні Қазақстанның барлық қалаларында ауа сапасы тұрақты болады, деп болжайды.

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілемейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы