Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

9 Қаңтар 2020, 08:53
2464
Бөлісу:
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қаңтар күні Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, ауа сапасының ластануы Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей, Теміртау, Өскемен және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Өзгелердің жаңалығы