Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

15 Наурыз 2024, 02:35
529
Бөлісу:
Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 15 наурызда елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта екпіні 23 м/с болады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы