Сингапурде жасанды ет сатуға рұқсат берді

2 Желтоқсан 2020, 14:40
1274
Бөлісу:
Сингапурде жасанды ет сатуға рұқсат берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша алғаш рет Сингапур билігі зертханада өндірілген тауық етін сатуға рұқсат берді, деп жазды Хабар24.

Келіп түскен ұсыныстарды бағалап, олардың қауіпсіздігін анықтағаннан кейін америкалық Eat Just компаниясына Сингапурде тауық етін сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған. 

Сонымен бірге қызметкерлер тағамның қауіпсіздігін бағалауды жалғастырады. 

Талдаулар жасанды тауық етінің құрамындағы ақуыздың, түрлі аминқышқылдардың, пайдалы майлар мен минералдардың жоғары деңгейлерін көрсетті, - дейді компания өкілдері.



Өзгелердің жаңалығы