СІМ Украина елшісіне наразылық білдірді

23 Тамыз 2022, 13:50
3290
Бөлісу:
СІМ Украина елшісіне наразылық білдірді
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді.

Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс.

Өзгелердің жаңалығы