Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бітімгерлік миссия терроризмге қарсы операцияны өткізуге бағытталған қазақстандық күштер мен құралдардың едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берген.
СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский осындай мәлімдеме жасады.
Александр Синяговский ҰҚШҰ-мен келісімге 2010 жылы қабылданған келесідей құжаттар қолданылғанын атап өтті.
Біріншіден, ҰҚШҰ-ның дағдарыс жағдайына ден қою тәртібі туралы ереже. Екіншіден, ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік күштерімен құралдарын қолдануға ұжымдық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру тәртібі туралы ереже, -деді СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры.
Синяговский шарт дағдарыс жағдайларға ден қою тәртібі туралы ереженің 3.2-тармағына сәйкес екенін айтты.
ҰҚШҰ елдерінің басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің біреуінің немесе бірнешеуінің ресми үндеуі негізінде оның аумағында жағдайды тұрақтандыруға бағытталған көмек немесе өзге де шаралар көрсету туралы шешім қабылдайды. Уақытылы қолғабыс көрсеткен одақтастарымызға алғысымызды білдіреміз. Бітімгерлік миссияның болуы терроризмге қарсы операцияны өткізуге бағытталған қазақстандық күштер мен құралдардың едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берді, -деді ол.