Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді.
Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады. Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі. Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын, - делінген министрлік жауабында.