СІМ: Ресейдегі отандастарымыз белсенді дауыс берді

21 Қараша 2022, 15:35
783
Бөлісу:
СІМ: Ресейдегі отандастарымыз белсенді дауыс берді
Фото: автордан

Бұл туралы бүгін СІМ-де өткен баспасөз брифингі барысында Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Брифинг барысында шетелдегі 53 мемлекеттен 68 сайлау учаскесі белсенді жұмыс атқарды. Бүгінде олар толық жұмымтарын тоқтатты.

"Жалпы барлық мемлекет бойынша 11 360 қазақстандық дауыс беруге қатысты. Бұл дауыс берушілердің 88,47%-ын құрайды. Оның ішінде отандастарымыз ең көп дауыс берген ел- Ресей болып отыр. Нақтырақ, Ресей Федерациясында - 2600 адам,Түркияда- 1423 адам,Өзбекстанда - 591 адам дауыс беруге қатысты",- деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ол шетелдегі дауыс беру науқанына қызығушылық танытып, дауыс беруге келгендердің көп болғанын айтты.Тіпті көп қазақстандықтардың басқа елде болатынын алдын- ала ескертпегеніне байланысты, кей туристерге бюллетендер жетпей қалғанын айтады.

"Мысалы, Түркияда біздің азаматтар өте көп. Бірақ, консульство есебінде 22 адам ғана тұр. Соның өзінде біздің ол жақтағы елшілік азаматтарға хабарласып, алдын-ала тіркеп, бюллетеньге ерте тапсырыс берді. Соның өзінде тіркелмеген туристер елшілікке дауыс беруге келіп жатқанын айтты. Біз бюллетень жетпегендерге жағдайды түсіндірдік",-деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы