Ел азаматтары 80 мемлекетке визасыз бара алады. Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл визасыз елдердің тізімі паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін 26 мемлекет. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды. Олар Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикана, Албания және Белиз, - деді Айбек Смадияров.
Оның атап өтуінше, Қатармен дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері үшін визалардан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, ол жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босатады.