СІМ "қазақ деген ұлт болмаған" деп айтқан тарихшыға жауап берді

25 Қаңтар 2024, 13:30
6471
Бөлісу:
СІМ "қазақ деген ұлт болмаған" деп айтқан тарихшыға жауап берді
Фото: pixabay com

Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің даулы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, шетелдік телебағдарламалардың бірінде Ресей тарихшысы Михаил Смолин "1917 жылғы төңкеріске дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған" деп мәлімдеме жасаған еді.

Қазақстан қалай пайда болды? Шын мәнінде РСФСР құрамында Қазақ ССР-і пайда болды. Демек ешқандай қазақ деген ұлт болмаған... Мысалы, өзбек ұлты да революцияға дейін болмаған. Тіпті өзбек деген этникалық атау болған жоқ. Орталық Азиядағы бірнеше ұлттан өзбек құралды. Тура солай, Әзербайжан ұлтын айтуға болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Ресей империясы өз жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді, - деді Смолин.

СІМ қарапайым ресейліктердің пікірін елемеуге шақырды.

Қоғамда кейбір жеке тұлғалар өткенге және Қазақстан тарихына қатысты түрлі пікір айтады. Менің ойымша, жеке тұлғалардың пікіріне түсінік берудің қажеті жоқ. Себебі оның заң және практика тұрғысынан да мәні жоқ. Сондықтан басқа сұрақтарыңыз болса, аптаның әр дүйсенбісінде Сыртқы істер министрлігіне өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Мұнда осындай сұрақтар қойылады. Мен сұраңызға жауап бердім, - деді СІМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы