СІМ: Инвестордың банктен алатын қарызы – мемлекеттің қарызы емес

6 Желтоқсан 2023, 11:17
534
Бөлісу:
СІМ: Инвестордың банктен алатын қарызы – мемлекеттің қарызы емес
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров инвестицияға қатысты заңды талқыға салғанда Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Назира Нұрбаеваға елімізге келіп жатқан инвестиция туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келісім Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау деп аталады. Енді өздеріңізге белгілі Қазақстан шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтару жөнінде жұмыс атқарып жатыр. Осы келісімшарттың аясында «ескі Қазақстан» өкілдерінің заңсыз алып кеткен капиталы басқа елден Қазақстанға қайтып жатқан жоқ па? Бүгінгі таңда Қазақстанның сыртқы қарызы ішкі жалпы өнімнің 25%-ына жетті. Енді сіздер шетелден Қазақстанға қаржы әкелген кезде кредит пен инвестиция арасының ара-жігін қалай ашасыздар? – деп сұрады Ерлан Сайыров.

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Назира Нұрбаева депутаттың сұрағына жауап берді.

Шетелге кеткен заңсыз шығарылған капиталдың мәселесі Бас Прокуратура жанындағы комиссияның қарамағында. Ал біздің (Сыртқы істер министрлігі – ред.) қарастырып жатқан сұрағымыз – инвестицияны елге тарту. Инвестицияның жасырын не жасырын емес мәселесі мен айтқан комиссия қарастыруы керек деп ойлаймын. Қазір Қатармен 6 инвестициялық жоба қарастырылып жатыр. Ол нақты инвесторлар, бизнес өзінің капиталын құйып немесе банктен алатын қарыздары – ол мемлекеттің қарызына саналмайды, қосылмайды. Сол себепті ол проблема деп айта алмаймын. Яғни жеке бизнес өзі алған қарызын өзі өтейді, - деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы