СІМ-де Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды

4 Сәуір 2024, 18:19
525
Бөлісу:
СІМ-де Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды
PHOTO
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы қызметінің перспективалары, сондай-ақ ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда экономиканың негізгі секторларында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларына тоқталды.

СІМ-де Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Қайрат Омаров Дүниежүзілік банкпен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына, сондай-ақ банктің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан құнды үлесіне назар аударды. Ол инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған банктің елімізбен іс-қимылы жалғасатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде, Андрей Михнев Дүниежүзілік банк Қазақстанның маңызды серіктесі және 4 миллиард АҚШ долларынан асатын 10 жобаны бірлесіп жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформаларды қолдау мақсатында бірқатар жаңа инфрақұрылымдық жобалар әзірленуде.

Жалпы, тараптар негізгі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.

Өзгелердің жаңалығы