СІМ басшысы Қырғызстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

1 Шілде 2021, 10:47
4068
Бөлісу:
СІМ басшысы Қырғызстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Министр елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы