Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сиднейдегі жағажайда атыс болып, жеті адам жараланды

Бүгiн, 16:18
327
Бөлісу:
 ria.ru
Фото: ria.ru

Аустралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында атыс болып, алдын ала мәлімет бойынша жеті адам зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ BNO News-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде мылтықпен қаруланған екі адамның оқ жаудырып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Қазір полиция күдіктілерді анықтап, ұстау үшін ауқымды арнайы операция жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары тұрғындар мен туристерді оқиға болған аумақтан дереу кетуге шақырды.

Полиция Бонди жағажайындағы жағдайға байланысты жедел әрекет етіп жатыр және жұртшылықты бұл ауданнан аулақ болуға қатаң түрде ескертеді. Жақын маңда жүргендердің барлығы қауіпсіз жерге паналауы керек, — делінген полицияның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Зардап шеккендердің жағдайы мен шабуылдаушылардың әрекетінің себептері нақтыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы