Сібір жарасын жұқтырған деген ақпарат жалған болып шықты

14 Қаңтар 2020, 16:50
3268
Бөлісу:
Сібір жарасын жұқтырған деген ақпарат жалған болып шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше әлеуметтік желіде Сібір жарасын жұқтырған ақмолалық туралы бейнежазба тараған болатын. Алайда Көкшетауда ауруханаға жатқызылған тұрғын түйнеме (Сібір жарасы) жұқтырмаған. Бұны Ақмола облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады. 


2020 жылғы қаңтардың 12-сінде Көкшетау қалалық басқармасына 32 жастағы жергілікті тұрғынның "Сол жақ иық тұсындағы инфекциялы жара. Басталып келе жатқан лимфангит. Сол жақ қолтығының астында лимфангит. Сібір жарасының карбункулы" диагнозымен ауыратыны жөнінде шұғыл хабар түскен. Осыған байланысты Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті мен облыстың ветеринарлық қызметі шұғыл түрде санитарлық-эпидемиялық және эпизоотикалық кешенді шаралар жүргізді. Зертханалық тексеру науқастан үшін материал алынды. Байланыс жасаған ортасы анықталды. Тағамға қолданған еттен сынама алынды. Нәтижесінде түйнеме ауруы расталмады, - дейді ведомствоның баспасөз қызметі. 
13 қаңтарда жүргізілген зертханалық тексерістің нәтижесінде науқасқа басқа - "иығы мен қолтық терісіндегі эритематозды-буллезді тілме" диагнозы қойылған екен. 
Қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты, негізгі ауруы бойынша станционарлық ем алып жатыр, - деп толықтырды Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Өзгелердің жаңалығы