Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Сібір жарасына қарсы күрес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үлкен ақсу ауылдық округінде ауру жұқтыруы мүмкін 25 ит пен 4 мысық ауланып, тиісті ветеринарлық тексеруден өтті.
Бұл туралы Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ветеринария мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпті індеттерден қорғау үшін шараларды үздіксіз жүргізуде. Атап айтқанда, Жарық тума учаскесінде мал дәрігерлері 141 бас ірі қара малға Сібір жарасына қарсы екпе екті. Сонымен қатар, ветеринарлар инфекция ошағын жою мақсатында 1800 шаршы метр қора жайды дезинфекциялады. Залалсыздандыру жұмыстары дезстройлайт препаратының 1 пайыздық ерітіндісімен жүргізілді. Ал Үлкен ақсу ауылдық округінде ауру жұқтыруы мүмкін 25 ит пен 4 мысық ауланып, тиісті ветеринарлық тексеруден өтті. Бұл шаралар адамдар мен жануарлардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Ветеринария мамандары ауыл тұрғындарын мал ауруларының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтауға шақырады, - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.
Бұған дейін Алматы облысының екі тұрғынынан Сібір жарасы анықталғаны белгілі болды.