Си Цзиньпин: Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерін халықтарының жақындығы біріктіреді

19 Мамыр 2023, 07:07
596
Бөлісу:
Си Цзиньпин: Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерін халықтарының жақындығы біріктіреді
Фото: BAQ.KZ

Сианьда Тан әулетінің лотос бағында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия лидерлерін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты жиында Қазақстан, ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан президенттері Қытай-Орталық Азия саммитінің мерекелік қойылымына қатысты.

Мерекелік кеште Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне өзінің жылы лебізін білдірді.

Құрметті әріптестер! Құрметті достар! Сіздермен Сиань қаласында кездескеніме қуаныштымын. Шэньси провинциясы шығыстағы Ұлы Жібек жолының бастапқы нүктесі ретінде Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы екі мыңжылдық терең достықтың куәсі болды. Мыңдаған жылдар бойы біздің мемлекеттеріміздің халықтары тығыз байланыстар мен алмасуларды қолдай отырып, Ұлы Жібек жолының тамаша тарихын жазды және өркениетаралық диалог жылнамасында керемет тарау ашты. Шэньси провинциясы - менің кішкентай Отаным, онда мен 7 жыл тұрып, жұмыс істедім. Біз қазір тұрған лотос бағы Тан әулетінің түпнұсқасының қирандыларыныі үстіне қайта салынды. Бұл - ежелгі сәулет техникасы бойынша салынған Қытайдағы ең үлкен ғимарат, - деді Қытай басшысы.

Си Цзиньпин айтуынша, 5 елдің президентіне Тан әулетінің құрметті қонақтарды қарсы алу рәсімі көрсетілгенін айтып, ерекше әсер қалдыратынына сенім білдірді.

Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері қиын жолдан өтіп, айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз өзара сыйластық, тату көршілік пен достық, өзара қолдау және тиімділік қағидаттарына берікпіз. Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз тату көршілік пен достықтан стратегиялық серіктестік пен біртұтас тағдыр қауымдастығына тарихи серпіліс жасады, аймақтағы бейбітшілік пен дамуды қолдауға оң қуат әкелді, адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығын құруға жаңа үлес қосты. «Қытай-Орталық Азия» форматындағы ынтымақтастықты тереңдету пайдасына стратегиялық таңдауды біз болашаққа ұмтылған көшбасшылар ретінде жасадық, әлемнің лейтмотивіне және халқымыздың сеніміне жауап береді. Ортақ күш-жігермен ертеңгі саммит толық табысқа жетіп, Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынаста жаңа дәуір ашатынына сенімдімін, - деді Си.

Қытай басшысы Орталық Азия елдерінің президенттеріне 6 ел халқын не біріктіретінін айтты.

Ұқсас белгілері бар адамдар бір-бірін оңай табады деп жатады. Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерін халықтарының жақындығы, даму тұжырымдамаларының үндестігі және сәйкес келетін мақсаттар біріктіреді. Біз Қытайдың қарқынды дамуы ынтымақтастықтың тамаша көкжиектерін бірлесіп ашу мүддесінде Орталық Азия мемлекеттерінің дамуына мүмкіндік беретініне шын жүректен мүдделіміз, - деп айтты Си Цзиньпин.

Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің өркендеуі мен күші үшін, халықтарымыздың бақыты үшін, барлық достардың денсаулығы үшін тост ұсынды.

18 мамыр күні ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті салтанатты түрде қарсы алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы