Си Цзиньпин қауіпсіздік саласындағы мәселелерді диалог арқылы шешуге шақырды

4 Шілде 2024, 17:39
640
Бөлісу:
Си Цзиньпин қауіпсіздік саласындағы мәселелерді диалог арқылы шешуге шақырды
Фото: Ақорда

Қытай төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ мүше елдерді қауіпсіздік саласындағы мәселелерді диалог арқылы шешуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада өткен ШЫҰ Мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысында сөйлеген сөзінде ол ұйымға мүше мемлекеттерді ортақ, жан-жақты, ынтымақтасатын және тұрақты қауіпсіздік көзқарасын ұстануға, диалог пен үйлестіру арқылы қауіпсіздік саласындағы күрделі және өзара байланысты мәселелерді шешуге шақырды.

Әлем бір ғасырда көрмеген жылдам өзгерістермен бетпе-бет келе жатқанда, адамзат қоғамы тағы да тарихтың тоғысқан тұсында тұр. Ұйым 23 жыл бұрын құрылғаннан бері оның мүшелерінің саны 10-ға жетіп, ШЫҰ-дағы ынтымақтастықтың негізі берік бола бастады, - Қытай басшысы.

Оның айтуынша, ШЫҰ әділеттілікті ұстанады.

Қытай көшбасшысы ұйымға мүше елдер өзара тиімділік пен инклюзивтілікті ұстануға, ғылыми-техникалық инновацияларды бірлесіп ілгерілетуге, өндірістік тізбектер мен жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қолдауға, өңірлік экономиканың ішкі серпінін ынталандыруға және дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті.

ШЫҰ мүшелері бірлікті нығайтып, араласу мен бөлінудің нақты қиындықтары жағдайында сыртқы араласуға қарсы тұруы керек. ШЫҰ-ға мүше елдер бір-біріне берік қолдау көрсетуі, бір-бірінің алаңдаушылығын ескеруі, үйлесімділік рухындағы ішкі келіспеушіліктерді еңсеріп, ортақ тіл табу арқылы ынтымақтастықтың қиындықтарын шешуі және елдеріміздің тағдырын, бейбітшілік пен аймақтың дамуын өз қолдарында берік ұстауы тиіс, - деп қосты Си Цзиньпин.

Өзгелердің жаңалығы