Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет басшылары кеңесінің XXIV отырысының ашылуында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ширек ғасырға жуық уақытта Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды механизміне айналып, тұрақты өсуді қамтамасыз етіп, жалпы дамуға елеулі үлес қосып келетінін жеткізді.
Саясат пен қауіпсіздік, экономика мен мәдениет салаларында жемісті өзара әрекеттесу арқылы біздің елдер барлық Еуразия құрлығының дамуына бағыт береді. Бірлескен күшпен шанхайлық рухты нығайтып, шанхайлық принциптерді жылжыту арқылы біз ШЫҰ-ны ықпалды әрі абыройлы халықаралық құрылымның біріне айналдырдық. Біздің бірлестіктің бірегейлігі мен үлкен потенциалы оған әлемнің қызығушылығын күн сайын арттырып келеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, саммитте Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болды.