ШЫҰ елдері көлік жөніндегі арнайы жұмыс тобын құруға ниетті

23 Қараша 2023, 17:05
450
Бөлісу:
ШЫҰ елдері көлік жөніндегі арнайы жұмыс тобын құруға ниетті
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Пәкістан Премьер-министрінің бастамасымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің көлік ведомстволары өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар өз елдерінің инфрақұрылымдық жоспарларын ұсынып, ШЫҰ-ның бүкіл өңірінің көліктік өзара байланысын одан әрі нығайту бойына өз ойларын ортаға салды.

Кеңес барысында өзара байланысты дамыту және тиімді көлік дәліздерін құру мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы тұжырымдамасының мемлекет басшылары бекіткен маңыздылығы атап өтілді.

ШЫҰ елдері көлік жөніндегі арнайы жұмыс тобын құруға ниетті

Бұдан басқа, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ірі стратегиялық порттары мен логистикалық орталықтарының әріптестік желісін құру және оның жұмыс істеуі тұжырымдамасының жобасын келісу, сондай-ақ көлік секторын дамытуды талқылау және проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін көлік жөніндегі арнайы жұмыс тобын құру қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдегі ірі және перспективалы ұйымдардың бірі болып табылады. ШЫҰ елдерінің жалпы аумағы Еуразия аумағының 65% құрайды, халықтың жалпы саны планета халқының жартысына тең.

Өзгелердің жаңалығы