Шымкенттің Қызылсай тұрғын алабына жол салынуда

12 Маусым 2023, 03:16
617
Бөлісу:
Шымкенттің Қызылсай тұрғын алабына жол салынуда
Фото: baq.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабына жол салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған.

Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы