Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды

13 Қараша 2024, 18:34
278
Бөлісу:
Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады.

Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған.

Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған.

Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. “Киберпол” бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.

Онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз; бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз; ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз. 

Өзгелердің жаңалығы