Шымкенттік жүргізушілерге 8 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бергі 10 айдың ішінде шымкенттіктер жол қозғалысы ережелерін бұзып, 8 миллиард теңгеге айыппұл төлеген. Оның 3 миллиард теңгеден астамы қазірдің өзінде төленді. Бұл қаражат қала мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жұмсалады.